Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -6 oC
Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте тәжірибе алмасуға мүдделілік танытты

Алматы облысы делегациясының екі жақты байланыстарды нығайтуға бағытталған Татарстанға сапары жалғасуда. Осы сапары барысында Қазан қаласындағы «Қазан» агроөнеркәсіптік паркіне жетісулықтар қызығушылық танытты. 

Нысан ішінде экскурсия жасап көрсеткен Агроөнеркәсіптік парктің бас директоры Олег Власовтың айтуынша, жалпы аумағы 50 мың шаршы метр. Парктің ең басты ерекшелігі – ол бір мерзімде бірнеше функцияны, атап айтқанда, қоймаға жинақтау, өңдеу, дайын өнімді сату сияқты істерді қатар атқара алады. Бұл ретте кәсіпкерлерге қолайлылық үшін барлық инфрақұрылымдар жасалған. Облыс әкімі Амандық Баталов бастаған делегация парктің өндірістік және қаптау цехтарында, жабық базарында болып, Татарстанда өндірілген өнімдердің көптеген түрлерімен танысты.

Сондай-ақ өндірістік-өнеркәсіптік типтегі «Алабұға» ерекше экономикалық аймағында және «КАМАЗ» ЖАҚ-да болды.

Бүгінде «Алабұға» аймағы өндірістік қалашыққа айналған. Мұндағы 4 гектар аумақта 56 өндірістік және логистикалық кәсіпорындар тіркелген. Олардың 24-і қазірдің өзінде толыққанды жұмыс істеп, маңайындағы елді мекендердің 6 жарым мыңға жуық адамын еңбекпен қамтып отыр. Салыстырмалы түрде айтқанда 74 мың тұрғыны бар шағын Елабұға елді мекеніне ерекше экономикалық аймақ өзі жұмыс істеген 12 жыл ішінде 114 млрд. сом инвестиция тартып үлгерген. Мұндай қомақты қаржы елдің әл-ауқатын көтерумен қатар тарихи құнды ескерткіштерін сақтау мен оларды күтіп-баптауға мүмкіндік беріп отыр. Мұндай ескерткіштердің қатарында Марина Цветаеваның, Иван Шукшинның және басқа да мәдениет, өнер қайраткерлерінің музей үйлері бар.

- Біз, Алматы облысы Қазақстандағы ең ірі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің бірі ретінде мұндағы ауыл шаруашылығы саласының тың жобаларына қызығушылық танытып отырмыз. «Қазан» агропаркі жұмысының тиімді ұйымдастырылуы өте ұнады. Онда үстеме бағасыз өз өнімдерін тікелей тұтынушыға жеткізу мүмкіндіктері қолайлы қарастырылған екен. Сол сияқты өндірістік алаңдарды дамытудағы тәжірибелеріңіз де біз үшін маңызды, - деді А. Баталов Қазан Кремлінің Губернаторлық сарайында өткен Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездесуінде.

Өз кезегінде Р. Минниханов Қазақстан аумағында бінеше ірі жобалар жүзеге асып жатқанын, соның ішінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ның маңызы ерекше екеніне тоқталды:

- «Қорғас» жобасы үлкен қызығушылық туғызатын және зор әлеуеті бар жоба. Оны әлемдік деңгейдегі ірі көлік-логитикалық хаб ретінде көрдік. Біз өз тарапымыздан осы бағытта әріптестік байланыс орнатуға, бизнес-байланыстарымыздың ауқымын кеңейтуге дайынбыз, - деді ол.

 


Көріністер:  617

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 10.08.2018 11:38

Өзгертілген күні: 10.08.2018 11:42:43

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх