Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +11 oC

«Ауылым - алтын бесігім» облыстық форумы өтуде

«Ауылым - алтын бесігім» облыстық форумы өтуде

Облыстық «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» аумағында аудандық және қалалық қоғамдық келісім кеңестерінің оңды тәжірибесін бөлісу және жұмыстың тиімді түрлерін анықтау мақсатында облыстық форум өткізілді.

Форум, сонымен қатар,     «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру, жастарды Қазақстандық Патриотизм рухында тәрбиелеу, қоғамдық келісім кеңестерінің қызметін ұйымдастырудағы алдыңғы қатарлы тәжірибені өңірлерге таратуды мақсат етеді.

Басқосу аясында қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыстары туралы ақпараттық стендтер, альбом, кітапшалар көрсетіліп,    этномәдени бірлестіктердің қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық орыс орталығының төрағасы Бузыкин Александр Александрович және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Элефтерия» облыстық грек ЭМО-ның төрағасы Иорданиди Георгий Константинович еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық сақтау, бірлік пен келісімді нығайту шаралары, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асыру жайында сөз сөйледі.

Бүгін бұл шара Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісіне жалғасып, онда Ассамблея жанынан құрылған кеңестер жұмысы туралы есептер тыңдалады. Сонымен қатар форумдағы ең үздік жұмыстардың иелеріне ақшалай сыйлықтар табысталатын болады.


Көріністер:  4477

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 28.06.2016 16:23

Өзгертілген күні: 28.06.2016 17:30:02

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх