Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
Бұқаралық спортты дамыту - басты міндет

Бұқаралық спортты дамыту - басты міндет

Бұқаралық спортты дамыту - басты міндет

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың төрағалығымен жиын өтіп, онда өңірдегі спорт саласы әдіскерлерінің қызметі туралы мәселелер талқыланды. Ж.Омардың айтуынша, бүгінгі күні әдіскерлердің бұқаралық спортты дамытудағы негізгі міндеттерін орындау сапасы жеткілікті деңгейде емес.

Жиында айтылғандай, Алматы облысында қазіргі кезде 253 спорт әдіскері бар. Оның 65% бұрын спорт саласында жұмыс жасамаған, сонымен қатар кадрлар тұрақсыздығы да байқалады.

2014-2018 жылдары әдіскерлер тарапынан 12 мың спорттық-бұқаралық шаралар өткізіліп, оған 540 мыңға жуық адам қатысқан. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар бұл көрсеткішті өте төмен деп бағалап, кейбір нұсқаушылардың 4 жыл ішінде 19-25 спортивтық-бұқаралық шара өткізгенін сынға алды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының, аудан, қала әкімдері орынбасарларының есебін тыңдаған Ж. Омар спорт нұсқаушыларының қызметін бағалаудың рейтингілік жүйесін енгізуді тапсырды.

- Спорт әдіскерлері бұқаралық спортты дамытумен айналысуы керек, олардың басты міндеттері осы. Ортақ нәтиже әрбір нұсқаушының жұмыс сапасына байланысты түзіледі, - дей келе облыс әкімінің орынбасары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына нұсқаушылардың жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ сәйкес білімі жоқ нұсқаушылар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыруды міндеттеді.


Көріністер:  290

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 14.05.2018 09:39

Өзгертілген күні: 15.05.2018 11:40:22

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх