Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Б. Сағынтаев облыс бизнесмендерімен Жолдау міндеттері негізінде дамудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалық бағыттарын талқылады

Б. Сағынтаев облыс бизнесмендерімен Жолдау міндеттері негізінде дамудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективалық бағыттарын талқылады 26.10.2018 20:16

Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын орындау мәселелері бойынша өңірдің кәсіпкерлер қауымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында шағын және орта бизнесті субсидиялау, «салықтық амнистиясын» жүргізу, қарапайым заттар экономикасын дамыту, сондай-ақ экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды, әсіресе өңдеу өнеркәсібінде мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап шағын және орта бизнеске арналған «салық амнистиясын» жүргізуді бастау тапсырылды. Бүгінде 66 933 орта және шағын бизнес субъектілерінің 01.01.2018 дейін жиналған және осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін өтелмеген 152,8 млрд теңге қарызы бар. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін 80,3 млрд теңге негізгі қарызды өтеген жағдайда 59,5 млрд теңге өсімақы мен 13 млрд теңге айыппұлды (72,5 млрд теңге өсімақы + айыппұлдар) есептен шығару жұмысын жүргізеді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президент Жолдауында кәсіпкерлерді қолдауға аса мән берілгенін атап өтті. Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы–2020» мемлекеттік бағдарламасы бизнесті қолдаудың негізгі құралы болып отыр. Бағдарламаның тиімділігін ескере отырып, Елбасы аталмыш бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатқа жыл сайын қосымша 30 млрд теңге бөлінбек.

Бағдарлама аясында республика бойынша 19 мыңнан астам бизнес субъектісіне 406 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Алматы облысының 1200-ден астам кәсіпкері 43 млрд теңгеге қаржылай көмек алған. Бұдан өзге, Бағдарлама аясында Алматы облысының 37 мыңнан астам кәсіпкері оқытылып, оларға сервистік қызмет көрсетілген.

Бағдарлама қатысушыларын қолдағанның арқасында Алматы облысының кәсіпкерлері 89 млрд теңгеге өнім шығарып, 23 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, сақтап қалды. 89 млрд теңге салық төленді.

2019–2021 жылдары өңдеу өнеркәсібі және шикізаттық емес экспорт салаларын дамыту мақсатында Президент Жолдауы аясында қосымша 500 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, индустриялық жобаларды несиелендіруге кемінде 600 млрд теңге қарастырылады.

Б. Сағынтаев мемлекет тарапынан жүйелі түрде кәсіпкерлерге көрсетіліп келе жатқан қолдаумен қатар, әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстардың да жүргізіліп жатқанын атап өтті. Шағын және орта бизнеске арналған «салықтық амнистиясы» туралы сөз қозғаған Премьер-Министр бизнес өкілдерін экономиканың бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев Мемлекет басшысы Жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру, оның ішінде бизнесті дамытудың тұрақты көздерін қалыптастыру, жеке инвестицияларды және нарықтық еркіндікті ынталандыру, 2025 жылға дейін БЖК мембағдарламасын одан әрі іске асыру туралы баяндады.  Оның айтуынша, Алматы облысы БЖК–2020 бағдарламасын жүзеге асыруда жетекші орын алады. Жергілікті бюджет құрылымында шағын және орта бизнес үлесі 53%-ды құрап отыр.

Сондай-ақ, кеңес барысында облыстың кәсіпкерлер қауымының өкілдері сөз сөйледі. «Текелі тау-кен өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры Б. Шалбаев өңдеу секторы кәсіпорнына инновациялық технологияларды ендіру туралы айтып берді. Компания жаңа технология бойынша кез келген өңделмеген, құрамында темірі бар материалды өңдеуді көздеп отыр, бұл бірден дайын өнімнің құнын төмендетеді. Оның айтуынша, жаңа өндіріс өңірдің металлургия саласын дамытуға серпін беріп, оның экономикалық әлеуетін кеңінен ашуға жол ашады.

«Алматы бояулары» ЖШС директорлар кеңесінің төрайымы Р. Салықова БЖК–2020 аясында ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларының арқасында бизнесті дамыту тәжірибесімен бөлісіп, Президенттің ең төменгі еңбекақы мөлшерін көтеру туралы бастамасына қолдау білдірді.  

«Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС бас директоры З. Гасанов, өз кезегінде, компанияның «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мемлекеттік қолдау құралдарын алуға қатысуға мүдделі екенін жеткізді.

«Биылғы Жолдауда қосымша қаражат бөлу арқылы "Бизнестің жол картасы" бағдарламасының 2025 жылға дейін ұзартылуы өңірдің бизнес қауымының өкілдерін ерекше қуантқан шешім болды. Отандық бизнестің дамуына жыл сайын 30 млрд теңге қарастыру мультипликативті әлеуметтік-экономикалық әсер беретіні сөзсіз. Бұл бізге берілген жаңа мүмкіндік. Біз оған қатысуды жоспарлап жүрген кәсіпорындардың біріміз», — деді З. Гасанов.

«Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС директорлар кеңесінің басқарма төрағасы Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, оның кәсіпорны мемлекеттік қолдаудың құралдарын жан-жақты пайдалану есебінен соңғы бес жылда жүгеру өңдеу көлемін жылына 10 мыңнан 120 мың тоннаға дейін өсірді.

«Қазіргі таңда кәсіпорын жүгері дәнін терең өңдеу есебінен 27 өнім түрін алады. Сыртқы нарықтарда крахмал, сірне, глюкоза–фруктоза шырыны және т.б. үлкен сұранысқа ие. Бірінші кезекте, біз ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етеміз, қалған өнім ҚХР-ге және Орталық Азия елдеріне экспортталады», — деді Зәкіржан Кузиев.

Оның айтуынша, бұның барлығына өңірлік даму институттарының кең ауқымды қаржылық құралдарының арқасында қол жеткізілді. Олардың несиелік портфелі қазіргі таңда 4 млрд тг асады.

«Аlina» компаниялар тобының президенті Е. Балфанбаев құрылыс бизнесін дамыту туралы айтып берді. «Kagazy Recycling» ЖШС бас директоры В. Горобцова өз сөзінде өңірде өңдеу саласын дамыту келешегіне тоқталды. Аталған мәселелер бойынша ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек түсініктеме беріп өтті.

Сондай-ақ, Ұйғыр ауданының су пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы А. Имиров ішкі туризмді дамыту мәселесін қозғады.

«Біздің облыста туризм дамудың жаңа деңгейіне жетіп, әлемдік туризм индустриясына жылдам қарқынмен интеграциялануда. Бұл еліміздегі бизнесті қолдау шараларының арқасында орындалып жатыр. Бұған мысал ретінде Мемлекет басшысының жақында Алакөл көлінің жағалауына жасаған сапарының қорытындысын айтуға болады, онда өңірдің туристік инфрақұрылымын одан әрі дамытудың негізгі мәселелері талқыланды», — деп А. Имиров, Елбасыныің тапсырмаларын табысты іске асыру тек Алакөлдің емес, сондай-ақ, облыстың басқа да туризм нысандарының әлеуетін арттыратынын атап өтті.

Айта кету керек, бірқатар ірі өңірлік кәсіпорындардың өкілдері Қазақстан Президентінің Жолдауын қолдау белгісі ретінде өздерінің қызметкерлеріне еңбекақыны көтеретіндерін мәлімдеді.

primeminister.kz


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg