Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +1 oC

«Біз жеңдік» форумы өтті

«Біз жеңдік» форумы өтті

Бүгін Талдықорған қаласының орталық алаңында «Нұр Отан» партиясының «Біз жеңдік» атты форумы өтті. Форумда «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

- Бүгін біздің партиямыз үшін тарихи сәт, себебі, 17 жылдың ішінде «Нұр Отан» өзін нағыз халықтық партия екенін көрсете білді.    Елдің келешегі, ұлттың болашағы жолында дұрыс таңдау жасап, «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» ұранын ұстана отырып, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасына қолдау танытып, сенім білдіргендеріңізге алғыс білдіремін!

Бұл – Қазақстан халқының шынайы қалауы, барша қазақстандықтардың ерекше сеніміне ие болған Елбасының саясатын қолдауы. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясына жетекшілік етуі - партия жеңісінің бірден-бір себебі деп түсінеміз. Бүгінгі саяси жеңіс – үлкен міндеттер жүктейді. Халықтың сенімінен шығу, оны ақтау - зор абырой, - деді Б. Өнербаев.

Мұнан соң ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі Дина Нұрғалиева, Талдықорған Политехникалық колледжінің оқытушысы Сағи Асанханов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья Белик және «Нұр Отан» партиясының басқа да белсенді мүшелері сөз сөйлеп, Елбасы саясатына қолдау білдіретіндіктерін, өз болашақтарын «Нұр Отанмен» байланыстыратынын айтты.

Форумның соңында жиналған қауым «Алатау әуендері» - «Құлансаз» ансамлінің концертін тамашалады.

Жалпы, Алматы облысында барлығы 990 021 сайлаушының 94,06 %-і қатысты. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясына дауыс бергендер 84,7%-ті құраған. 


Көріністер:  4385

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 21.03.2016 13:20

Өзгертілген күні: 21.03.2016 14:02:02

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх