Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Басылымды жетістігімен құттықтады

Басылымды жетістігімен құттықтады 05.07.2018 15:01

Облыстық «Жетісу» қоғамдық-саяси газеті «Үздік аймақтық басылым» атанды. Газет ұжымын «Үркер» сыйлығын алуымен облыс әкімінің атынан орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

Басылым қызметкерлерінің кәсібилігін, жаңашылдығын және зор әлеуетін атап өткен Ж. Омар облыста БАҚ саласын дамытуға, соның ішінде газеттің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, журналистерге қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлініп келе жатқанын айтты.

Журналистер атынан газеттің бас редакторы Әміре Әрін, «Өлке тынысы» ЖШС бас директоры Мейрам Жанәділов, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов, «Президент және халық» республикалық газетінің меншікті тілшісі Ғалым Жазылбеков және басқа да азаматтар сөз сөйледі. Олардың бәрі де газеттің атына ізгі тілектерін жеткізді.

Атап өтсек, «Үркер» ұлттық сыйлығы баспасөз, радио және интернет журналистика бойынша үздіктерге беріледі.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg