Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +28 oC

Білім алуға биік мүмкіндік

Білім алуға биік мүмкіндік

Бес бастаманың ішіндегі тағы бір өзектісі мемлекеттік гранттардың санын арттыру және білімгерлерді жатақханамен қамту мәселесі. Иә, аталмыш сала бойынша да атқарылар іс ауқымды. Елбасының шешімімен 2018-2019 жылы бөлінетін қосымша гранттар білім саласына елеулі серпін беретіні анық. Оқу оқып, ізденемін деген жастарды қолдау, білімге, жатақханаға деген қолжетімділік бойынша жария етілген жақсы жаңалық - жалпыға ортақ жағымды іс.

Бұған дейін еліміз бойынша мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына 54 мың грант бөлініп келген. Ендігі кезекте Елбасы бастамасымен аталмыш тегін оқу жүйесі 20 мың грантпен толықтырылмақ. Ал өңірімізде облыс әкімінің грантымен жергілікті бюджет есебінен 438 білімгер тәлім алса, енді бұл көрсеткіш 100 грант көлемінде көбеймек. Бұл үлкен жетістік, үлкен мүмкіндік. Болашаққа деген ұмтылысы биік әр бала үшін жоғары деңгейдегі қолдау - асқақ арманның орындалуына ашылған даңғыл жол. Көзделіп отырған көрсеткіштердің осы сәттен бастап іске асары да анық. Себебі, Елбасы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен оқу сапасын арттыру үшін бірқатар шараларды ұсынып, нақты шешімі болуын талап етті. Бағдарламаның мақсаты бойынша гранттың басым бөлігі техникалық, инженерлік, ақпараттық-технологиялық мамандықтарға бөлінбек. Осы арқылы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада сұранысқа ие болатын білімі мен білігі жоғары маман даярлау мүмкіндігі пайда болмақ. Міне, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын жастарға деген қамқорлықтың көрінісі осы. Елбасы сөзіндегідей орта мектеп түлектерін жоғары біліммен қамту, олардың оқу жүйесіне назар аударып, сапасын көтеру  - әлемдік тренд. Сондай-ақ Президент білімгерлердің стандартқа сай сапалы білім алуымен қатар олардың тұратын жеріне жағдай жасау мәселесін де қарастырған. Бұл да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған болатын. Кез келген оқу орнының білімгерді жатақханамен қамтуы кенжелеп келгені бәрімізге белгілі. Енді бұл тақырып та  шешімін таппақ. Осы орайда Елбасы ұсынған жекеменшік серіктестігі қағидасымен Студенттер үйін салуды бастау мәселесі өте ұтқыр да ұтымды ой екендігі анық. Жақсылық жаршысы болған жаңалықтың ерекшелігі 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орынды жаңа жатақхана салынбақ. Ендігі кезекте «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бәріміз бірге берекелі іске бастамашы болайық.

Мықтыбек Рахымбеков,

заң колледжінің директоры


Көріністер:  257

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 12.03.2018 17:55

Өзгертілген күні: 13.03.2018 16:51:27

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх