Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC
Білім мен ғылым, туризм салаларындағы ынтымақтастық жайы сөз болды

Білім мен ғылым, туризм салаларындағы ынтымақтастық жайы сөз болды

Білім мен ғылым, туризм салаларындағы ынтымақтастық жайы сөз болды

Татарстанға жасаған сапары барысында Алматы облысының делегациясы көрші елдегі әлеуметтік саланың дамуына да назар салып, бірқатар нысандарда болды.

Алдымен 200 жылдан астам тарихы бар Қазан (Приволжьелік) федералды университетіне атбасын тіреді.

Университет ректоры Ильшат Гафуров білім ордасының ішін аралатып, осы шаңырақтан шыққан атақты түлектерді де мақтанышпен атап өтті. Олардың қатарында әлем әдебиетінің классигі, көрнекті орыс жазушысы Лев Толстой, тамаша математик Николай Лобачевский және басқа да танымал тұлғалар болған. И. Гафуровтың айтуынша, қара шаңырақ университет жоғары білім беру дәстүрлерін сақтай отырып, кең ауқымды ғылыми-зерттеушілік бағытқа ерекше ден қоюда. Бұл көне университеттің ізгі дәстүрлерін жаңа буын жастардың лайықты жалғастыруына мүмкіндік беріп отыр.

Біздің тарап Ресей стадиондарының ішінде сыйымдылығы ең жоғарыларының бірі, 45 379 мың көрерменге лайықталған «Қазан Арена» футбол стадионының инфрақұрылымымен де танысты. 2013 жылдың мамыр айында пайдалануға берілген әмбебап стадионда биылғы жылы футболдан Әлем чемпионаты өткенін де айта кету керек. Сол сияқты Қазандағы Бүкіләлемдік жазғы XXVII Универсиаданың ашылуы мен жабылу салтанатын да спортсүйер қауым осы стадионнан тамашалаған болатын.

Осы күні делегацияның әлеуметтік салаға жетекшілік ететін бір бөлігі аймақтың бірқатар білім беру және денсаулық сақтау нысандарына барып, аталмыш салаларға цифрландыруды енгізу тәжірибелерімен танысты. Олар ТР Экономика министрі Болат Хазиахметовпен кездесіп, цифрландыру мәселесінде өзара байланыс орнату туралы сөйлесті.

Осы сапары барысында облыс әкімі Амандық Баталов татарстандық әріптестеріне Жетісу өңірінің туристік әлеуеті жайында кеңінен баяндап берді.

Облыс басшысы Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен ресми кездесуінде Жетісу жеріндегі суы шипалы Алакөл көлінің инфрақұрылымын дамыту ісін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айрықша бақылап отырғанын тілге тиек етті. Онда әуежай іске қосылғанын, жаңа темір жол вокзалы салынғанын айтты. Мәселен, өткен жылы Алакөлде 750 мың турист демалса, биылғы жылы олардың саны миллионға жетеді деп күтілуде. Жалпы алдын ала болжамдар бойынша Алматы облысына 2 миллионнан астам турист келіп кетеді. Сөзін Татарстанмен өзара байланыс тұрғысында жалғаған облыс әкімі Амандық Баталов ТР Президентінің білім мен ғылым, зерттеу орталықтары арасындағы байланысты нығайту туралы ұсыныстарына қатысты өз ойын білдірді:

- Татарстанның балалары Алматы облысындағы сауықтыру лагерьлеріне, соның ішінде Алакөлге келуіне болады. Студенттер алмасу жайлы айтқаныңыз да – жақсы ұсыныс. Өңірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен С. Демирель атындағы университет бар. Бізді, әсіресе, заманауи технологияларды дамыту салаларындағы тәжірибе алмасу қатты қызықтырып отыр, - деді ол. Сол сияқты облыс басшысы татардың ұлттық Сабантой мерекесін Алматы облысында өткізуді ұсынды.


Көріністер:  681

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 10.08.2018 11:54

Өзгертілген күні: 10.08.2018 11:57:29

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх