Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +23 oC
Бильярдтан «Жетісу кубогы» республикалық турнирі басталды

Бильярдтан «Жетісу кубогы» республикалық турнирі басталды

Бильярдтан «Жетісу кубогы» республикалық турнирі басталды

Бүгін Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында бильярд спортынан Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған «Жетісу кубогы» республикалық турнирі басталды. Жарыстың ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімі Амандық Баталов қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді.

- Жер жаннаты – Жетісу жеріне қош келдіңіздер! Сіздерді бильярд спортынан әуесқойлар арасындағы Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған «Жетісу кубогы» республикалық турнирі Талдықорғанда тұңғыш рет өтіп отыр. Алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табады деп ойлаймын. Бильярд – физикалық күш қуатты ғана емес, логикалық шеберлікті талап ететін интеллектуалдық ойын. Сондықтан мұнда осал ойыншы болмайды. Жарысқа қатысушы ардагерлер арасында тартысты ойын болатынына сенімдімін. Бәріңізге сәттілік тілеймін, - деді А. Баталов.

Салтанатты ашылуынан кейін облыс әкімі А. Баталов символикалық түрде бильярдтың алғашқы шарын соғып, жарысты бастап берді.

Жалпы турнирге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан 11 команда қатысуда. Үш күнге созылатын жарыс бильярдтың «Мәскеу пирамидасы» түрінен өтеді. Турнирді Алматы облысының әкімдігі мен облыстық бильярд федерациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр.


Көріністер:  163

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 13.09.2018 15:14

Өзгертілген күні: 13.09.2018 16:07:16

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх