Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

Биыл 12 денсаулық сақтау нысаны салынады

Биыл 12 денсаулық сақтау нысаны салынады

Өңірдегі денсаулық сақтау саласында өткен жылы 15 нысан салынды, ал биылғы жылы 12 нысанның құрылысы жүргізіледі. Бұл жайында бүгін Талдықорғанда өткен Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың есеп беру кездесуінде айтылды.

Биылғы жылы Ұзынағаш ауылында перзентхана, Сарқан қаласында аудандық аурухана, Шелек ауылдық ауруханасы және мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында Ұзынағаш ауылында емхана құрылысы басталады.

«Медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі 83%-ке дейін, санитарлық автокөлікпен-78%-ке дейін жеткізілді. "Жетісу" медициналық ақпараттық жүйесі енгізіліп, халыққа ыңғайлы болу үшін мобильдік қосымшалар іске қосылды», - деді А. Баталов.

Сол сияқты электрондық денсаулық паспорттары тұрғындардың 83%-інде бар екендігі (1,7 млн.адам), медициналық мекемелердің 53%-і қағазсыз құжат айналымына өткені, жыл соңына дейін толықтай көшетіні айтылды.

"Көмек 103" жүйесі іске қосылып, ауылдық жерде жедел жәрдемнің келу уақытын 15 минутқа дейін, ал қалада 7 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсаруда.

«Осындай қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы өлім–жітім 3,6%-ке, нәресте шетінеуі – 7,2%-ке, қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болу - 7,9%-ке, қатерлі ісіктерден -13,3%-ке төмендеді», - деді өз баяндамасында облыс әкімі.

Өткен жылы «Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасы» базасында онкологиялық ауруларды ерте анықтауға ықпал ететін Ахуалдық орталық құрылып, 13 медициналық ұйымдар іске қосылды.

Ағымдағы жылы позитронды эмиссиялық томография орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл екі жоба да мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылды.


Көріністер:  485

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 20.02.2019 14:57

Өзгертілген күні: 20.02.2019 15:02:03

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх