Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Биылғы жылдың жас көшбасшылары анықталды

Биылғы жылдың жас көшбасшылары анықталды

Биылғы жылдың жас көшбасшылары анықталды

Талдықорған қаласындағы "Көктем Гранд" қонақ үйінде облыс әкімінің «Көшбасшы – 2019» жастар сыйлығын табыстау салтанаты өтті.

Облыс әкімдігі тарапынан мемлекеттік, қоғамдық істерге белсене араласып, әр салада жарқырай көрінген жастарды ынталандыру мақсатында жыл сайын «Көшбасшы» сыйлығын беру дәстүрге айналған.

Биыл барлығы 20 номинация бойынша жастардың өз саласында жеткен жетістіктері мен сіңірген еңбектері сарапқа салынды.

Марапаттау салтанаты жаңашылдығымен көз тартып, 3D форматында шоу жасалды, үздік жастар қызыл кілеммен жүріп өтті.

.Салтанатты шарада облыс әкімі Амандық Баталов сөз алып, жастарға мемлекет мол үміт артатынын, еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында екенін, сондықтан жастарды білім мен спортқа бейім, жігерлі, ұшқыр ойлы, бастамашыл болуға шақырды.

– Елбасы биылғы жылды "Жастар жылы" деп бекер атаған жоқ. Бұл бастама жастарды ынталандыруға, озық ой, тынымсыз ізденіске жетелеуге жол ашу, жастарға жасалып отырған мүмкіндіктерді одан әрі молайту мақсатын көздеді. Соған сәйкес облыста жастармен жұмысты жүйелі түрде жүргізу мақсатында аймақта ауқымды істер атқарылуда. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында 206 студентке облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалып, оған 174 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, бүгінде "Дипломмен ауылға" бағдарламасы, "Жастар тәжірибесі" арқылы жас мамандарға зор қолдау көрсетіліп отыр, – деп бұдан өзге де жасалып жатқан қамқорлық шараларын атап өткен облыс басшысы, әрбір істің артында орасан еңбек пен жастарға шексіз қамқорлық жатқанын тілге тиек етті.

Байқау «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас спортшы», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас отбасы», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас әскери қызметкер», «Үздік жас журналист», «Үздік жас әдебиетші», "Үздік жас ерікті» сияқты жалпы саны 20 аталым бойынша өтті. Мәселен, байқаудың ең жас жеңімпазы 16 жастағы Жазель Дүкенбаева "Үздік жас ерікті» атанса, «Үздік жас кәсіпкер» номинациясын Әдемі Есеншораева жеңіп алды. Биылғы жылдың «Үздік жас отбасы» деп Әбішевтер отбасы танылды. Озып шыққан көшбасшыларға облыс әкімі Амандық Баталовтың арнайы дипломы, естелік сыйлық және 250 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Осы салтанатты шараға елге танымал эстрада әншілері мен мен топтар өнер көрсетті.

 


Көріністер:  345

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 29.11.2019 11:39

Өзгертілген күні: 29.11.2019 19:48:25

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх