Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC

Биылғы жылы18 денсаулық сақтау нысаны салынады

Биылғы жылы18 денсаулық сақтау нысаны салынады

Өткен жылы Алматы облысында 15 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, 8 нысанға күрделі жөндеу жасалды. Биылғы жылы осындай 18 нысан тұрғызылады. Олардың қатарында Сарқан қаласы мен Ұзынағаштағы перзентхана да бар. Бұл туралы облыс әкімі Амиандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі механизмін қолдану арқылы Талдықорған қаласында жалпы құны 7 млрд. теңге болатын медициналық ақпараттық жүйелер мен автоматтандыру кешенін енгізудің екі жобасы жүзеге асырыла бастайды.

- Биылғы жылы біз міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшудің дайындық жұмыстарын аяқтап, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруымыз керек, - деді А. Баталов.

Атап өтсек, соңғы екі жылда компьютер сатып алуға 352 млн. теңге бөлініп отыр, бұл жабдықталу деңгейін 100 %-ке жеткізуге мүмкіндік береді. Облыстық, аудандық ауруханалардың барлығы да интернет желісіне қосылған, басқа да медициналық нысандарды қосу жұмысы жалғасуда.


Көріністер:  1644

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 21.02.2018 12:50

Өзгертілген күні: 21.02.2018 12:53:06

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх