Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC
Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған конференция

Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған конференция

Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған конференция

Бүгін Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қаракерей Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған «Дарабоз батыр Қабанбай» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ғалымдар, тарихшылар, қоғам қайраткерлері қатысты. 

Конференцияға қатысушылар алдымен Талдықорғандағы Қабанбай батыр ескеркішіне гүл шоқтарын қойды. Мәдениет сарайының фойесінде кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынды ашқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуәли Қабанбай батырдың мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқанын, бүгінгі шара соның заңды жалғасы екенін атап өтті.

Алдымен баяндама жасаған Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтыбаев Моңғол жеріне ұйымдастырылған экспедиция барысында сол жерлердегі дүрбіт, зақшын тайпасы ұрпақтарының арасында сақталған Қабанбай батыр туралы аңыздар мен деректер жайына кеңінен тоқталды. Жау саналған ойрат елінде,  сонымен қатар дүңген, қарақалпақ елі ішінде де Қабанбай батыр туралы зор ықыласпен айтылатын әңгімелер сөз етілді. Яғни, Қабанбай батырдың даңқы ел аумағынан шығып, сыртқа кеңінен таралғанын айғақтайтынын тілге тиек етті. Алдағы уақытта тарихи мақсаттағы экспедицияларды жалғастыру қажеттігін де айтты.

Сонымен қатар І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-ның гуманитарлық факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Аман Төлемісов өз баяндамасында батырдың өмір деректеріне шолу жасаса, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш батырдың әдебиеттегі образына тоқталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Кәкен Хамзин өз сөзінде Қабанбайдың арнайы әскери дипломатиясын насихаттайтын музейін қалыптастыру, батыр туралы көп сериялы фильмнің сценарийін әзірлеу және басқа да жанды ұсыныстар айтты. «Қазақ ұлтының бренді осындай ұлы тұлғаларымыз болуы керек», - деп түйіндеді сөзін К. Хамзин.

Мұнан соң «Қаракерей Қабанбай батыр» қоғамдық қорының төрағасы Камал Әбдрахман сөз сөйлеп, жиынды облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар қорытындылады.

- Ел тәуелсіздігі үшін, азаттық үшін күрескен батырлардың ерлігін насихаттау – ұрпақ парызы. Бүгінгі конференцияда тарихи зерделеу, ғылыми дәлел, терең ізденістерге куә болдық. Қабанбай батырдың 325 жылдығына арналған бұл конференцияның ғылымға қосар үлесі мол деп білемін.  Сонымен қатар біз жас ұрпақты білімді, отансүйгіш рухта тәрбиелей отырып, тәуелсіздікті  баянды ете аламыз. Бұл орайда бүгінгі ұйымдастырылып отырған шараның тигізер ықпалы зор болады деп есептейміз, - деді Ж. Омар.   


Көріністер:  314

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 18.05.2017 16:11

Өзгертілген күні: 19.05.2017 12:55:10

Тізімге қайта оралу


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх