Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -19 oC

Депутат Ақсу қант зауытында болды

Депутат Ақсу қант зауытында болды

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Қуаныш Сұлтанов Ақсу ауданында болып, Жансүгіров кентіндегі «Ақсу қант» зауытын аралады. Құрметті қонақты облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт бастап келді.

Қант зауытының іске қосылуы шаруалардың қызылша өсіруге деген құлшынысын арттырып, былтыр ақсулықтар 1600 гектарға тәтті түбір өсірген. Биыл аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары қант қызылшасы алқабын 2020 гектарға жеткізді. Аталмыш қайта өңдеу зауытына Сарқан ауданының шаруашылықтары да өнім әкелмекші. Зауыттың бас директоры Самат Нәдірбаевтың айтуынша, зауыт биыл 150 мың тонна тәтті түбірді қайта өңдеуден өткізбекші. Ақсу мен Сарқанда төл дақыл өсірушілерге техника жағынан қолдау білдіру үшін арнайы сервистік орталық құрылған. Онда 40 шақты техника бар. Орталық мамандары шаруа қожалықтарына жер өңдеу, дәрілеу жағынан да кеңес-көмек береді. Зауыт басшысы кәсіпорын жаңғыртудан өткеннен кейін жұмысын жандандыратынын айтты. Биыл зауыттың өнім өндірудегі тәуліктік күші 2500 тоннаны құрайды. Парламент-Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов дақыл өңдеудің шығымдылығы жайлы сұрап-білді. Сұраққа тұшымды жауап берген Самат Тілеубайұлы дақылдың 10 пайызы қант айналатынын айтты. Мысалы, 1000 тонна тәтті түбірден 100 тонна қант алынады. Биыл «Ақсу қант» зауытына Алакөл ауданынан да қант қызылшасы жеткізіледі деп күтілуде. Өткен жылы гектарына алынған өнім 350 центнерді құраса, биыл 350,6 центнерді құрайды деген болжам бар. Ақсу ауданында көп жылдардан бері қант қызықшасымен айналысып, дақыл өсірудің қыр-сырын меңгеріп алған шаруашылықтар бар. Олардың қатарында «Әлихан», «Квитко», «Дәулет Б» қожалықтары бар. Ресми қонақтармен өткізілген жиында аудан әкімі Әділбек Далбағаев, мәслихат хатшысы Бейбіт Сүлейменов және «Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Күләйхан Дәулетбекова ауданның тыныс-тіршілігі және алда атқарылар жұмыстар жайлы айтты.


Көріністер:  1397

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 10.07.2018 18:09

Өзгертілген күні: 11.07.2018 18:37:55

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх