Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

Елбасы жолы - барлық игіліктердің қайнар бастауы!

Елбасы жолы - барлық игіліктердің қайнар бастауы!

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

 

 Құрметті жетісулықтар!

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

1 желтоқсанның тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орны ерекше. Себебі 1991 жылдың осы күнінде біз жарқын болашағымыз үшін, бейбітшілік пен тыныштық үшін, дамудың даңғыл жолы үшін өз таңдауымызды жасап, Тұңғыш Президентімізді бірауыздан сайладық.

Тәуелсіздік жылдары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпқырлы қайраткерлігі, көшбасшылық қасиеті барынша айшықталды. Жас мемлекетті қалыптастырудағы жауапкершілігі жоғары тарихи міндетті абыроймен орындап, Қазақстанды өзге елдермен терезесі тең, әлемдік аренада лайықты орны бар, әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты, бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор мемлекет ретінде танытты.

Саңлақ саясаткердің көрегендігі мен табанды ұстанымының арқасында Арқа төрінде жаңа астана бой көтеріп, бүгінде елорда жаһандық үздік үлгілер мен табысты тәжірибелерді тартудың озық орталығына айналды.

Қазақстандағы тұрақтылық мен тыныштық, өсу мен өркендеу, жеңістер мен жетістіктердің бәрі де Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланысты. Өйткені Елбасы бүгінгі барлық игіліктің қайнар бастауында тұр.

 

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Бүгінгі күні Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатын қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді. Елбасы өз сөзінде: «Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы тиіс» деген еді. Бұл ретте Мемлекет басшысының жетекшілігімен елдік мүдде жолындағы жұмысқа жұмыла кірісіп, әрқайсымыз өз міндетімізді елжандылықпен, жауапкершілікпен, еңбексүйгіштікпен атқарамыз деп сенемін.

Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, толайым табыс, береке-бірлік тілеймін!

Тұңғыш Президент күні құтты болсын!


Көріністер:  340

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 29.11.2019 19:49

Өзгертілген күні: 29.11.2019 19:52:51

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх