Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +24 oC

Елорда, туған күніңмен!

Елорда, туған күніңмен!

 Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының

астана күнімен құттықтауы

 

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Баршаңызды бүгінгі мереке – астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі Нұр-Сұлтан – Шығыс пен Батысты жалғап тұрған, біздің ұлттық құндылығымыз бен болашаққа деген ұмтылысымыздың, ең озық үлгідегі сәулет өнерінің шебер үйлесімінің жемісі.

Әлемнің заманауи қалаларына деген асқақ талаптарды толықтай қамти білген, күн сайын ажары мен сәні жарасқан бас қаламыз Қазақстанның қарыштап дамуының айнасы тәрізді. Нұр-Сұлтан қаласының бүгінгі бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосқан барша қазақстандықтар, ел астанасына қарап, жүректерінде мақтаныш сезімі мен ертеңгі күнге деген сенім ұялайтындығы сөзсіз.

Құрметті жерлестер!

Өзінің көз ілеспес жылдам даму қарқынымен бас қаламыз еліміздің әрбір өңіріне үлгі болуда.

Біз, жасампаздық пен жақсылыққа ұмтыла отырып, алдағы уақытта да туған өңіріміздің ертеңі үшін аянбай еңбектенетінімізге кәміл сенімдімін.

Астанамыз бірлігіміздің ұйытқысы болып, адамзат армандарының іске асуының нақты мысалы ретінде еліміздің әр аймағы үшін жол көрсетуші темірқазығы іспеттес.

Барша жетісулықтарға мықты денсаулық, биік жетістіктер тілеймін.

Еңсесі биік, туы тұғырлы, береке-бірлігі жарасқан еліміз аман болсын!

Астана күні құтты болсын!


Көріністер:  812

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.07.2019 11:27

Өзгертілген күні: 05.07.2019 16:22:30

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх