Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

Ерліктің жолы елдікке бастайды!

Ерліктің жолы елдікке бастайды!

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 9 Мамыр – Жеңіс күнімен құттықтауы

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері,

жетісулықтар!

Жеңіс күні мерекесіне деген шынайы лебізімді қабыл алыңыздар!

9 Мамыр өз ғұмырын Отанның бейбіт өмірі жолында құрбан етіп, майдан даласында жаумен жанқиярлықпен шайқасқан, тылда тынбай еңбек етіп, шаруашылығы күйреген туған елді аяғынан тік тұрғызуға бар күш-жігерін жұмсаған ержүрек ата-апаларымызға деген құрметті, қастерлеу сезімін біздің ұрпақтың бойына қалыптастырып, сіңірді.

Біздің ондаған мың жерлестеріміз Отан соғысы кезінде ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Ұрысқа аттанған 120 мыңнан астам адамның әрбір екіншісі майданда қаза тапты. Туған жерге оралған жауынгерлер елдің қираған экономикасын қайта қалпына келтіру, жаңа қоғам құру, болашағымыздың жарқын болуы жолында қызмет жасады, сөйтіп ерліктің жолы елдікке бастады.

Олардың барлығы да мәңгілік құрметке, алғаусыз алғысқа лайық. Ардагерлердің ел мен жерге деген сүйіспеншілігі, перзенттік махаббаты - бүгінгі ұрпаққа қашанда үлгі-өнеге.

Сол бір зұлмат жылдардан тарих көші алыстаған сайын Ұлы Жеңістің бет-бедері мен мән-маңызын барынша ұғына отырып, Сіздердің қаһармандық үлгілеріңізге, батырлық істеріңізге бас иіп, тағзым етеміз, ардақты ардагерлер!

Жауынгерлік қайсарлықтарыңыз үшін, ашық аспан, бейбіт өмір сыйлағандарыңыз үшін, тәуелсіздікке жету жолындағы зор үлестеріңіз үшін Сіздерге Алғыс айтамыз!

Барлығыңызға мықты денсаулық, сергек рух, жақын жандардың мейірімі мен қамқорлығын, ал облыс жұртшылығына бейбіт те берекелі ғұмыр, еңбекте табыс, отбасында шаттық пен бақыт тілеймін!


Көріністер:  659

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.05.2019 17:41

Өзгертілген күні: 08.05.2019 17:41:51

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх