Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +21 oC
Германиялық компания ірі ет өңдеу кешенін салмақ

Германиялық компания ірі ет өңдеу кешенін салмақ

Германиялық компания  ірі ет өңдеу кешенін салмақ

Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімі Амандық Баталов пен «BaumanGmbh&COKG» компаниясының бас акционері Райнер Бауман бастаған компания өкілдері қосымша азықтандыру, мал сою, тереңнен өңдеу, ұсақ мал етінен полуфабрикаттар мен дайын өнім шығарумен айналысатын ірі ет өңдеу кешенінің құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру туралы мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында өңір басшысы Амандық Баталов ұсақ мал етін өңдеу саласын дамытуда бұл жобаның маңызы зор екенін атап өтті.

- Елімізде 20 млн. басқа жуық қой бар, бірақ қой етін өңдейтін бірде де бір кәсіпорын жоқ. Сондықтан бұл ет өңдеу кешені құрылысының толыққанды жүзеге асуы біз үшін аса маңызды. Біз өз тарапымыздан сіздердің компанияның тиімді жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайларды жасаймыз. Барлық инженерлік жүйелер – электр, жылу, газ, кәріз жүйелері тартылатын болады, сонымен қатар жобаны жүзеге асырудағы жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуге де қолдау көрсетіледі, - деді А. Баталов.

Сонымен қатар облыс әкімі неміс компаниясының жобалауға қашан кірісетінін, жобаның жергілікті климатқа, географиялық ерекшеліктеріне қашан бейімделе бастайтынын, құрылыстың бірінші кезегі қашан аяқталып, қолданысқа берілетінін білудің маңызды екенін де тілге тиек етті. Бұл орайда компания өкілдеріне барлық туындаған мәселелерге қатысты өзінің орынбасары Серікжан Бескемпіровке, «Жетісу» ӘКК» ҰҚ» АҚ мен «Алматы облысын дамыту жөніндегі «Алатау» АҚ басшылықтарына хабарласып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

- Ортақ жұмыстың арқасында жобаны сәтті жүзеге асыратынымызға сенімдімін. Сапалы өнім шығарып, тұрақты жұмыс орындары ашылғанда оның нәтижесін көретін боламыз, - деді А. Баталов.

Кездесу қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров  пен «BaumanGmbh&COKG» компаниясының бас акционері Райнер Бауман екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Жалпы, «BaumanGmbh&COKG» компаниясы 1930 жылы құрылған, қой етін өңдейтін Еуропадағы ең ірі компаниялардың қатарында. Қазіргі кезде қозы етін саудалауда Германиядағы нарықтың 25 %, Еуропада елеулі бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Инвестициялық жобаның жалпы құны 7,1 млрд. теңге. Бірінші кезегінің қуаты жылына 15 мың тонна болса, 2-ші кезегі – 30 мың тонна. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 700-ден астам. 1-ші кезегінің жүзеге асырылу мерзімі 2017-2018 ж.ж. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарыққа да және экспортқа да шығарылатын болады. 


Көріністер:  3661

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 23.10.2017 18:41

Өзгертілген күні: 23.10.2017 18:46:01

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх