Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Инвесторлардан өтінімдер қабылдау басталды!

Инвесторлардан өтінімдер қабылдау басталды!

Инвесторлардан өтінімдер қабылдау басталды!

«Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы Алматы облысында инвестициялық субсидиялау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында инвесторлардың өтінімдерін қабылдайтыны туралы хабардар етеді.

Инвестор ретінде Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қарастырылады.

Инвестициялық субсидиялар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындардың бір бөлігін өтейді.

Инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2017 жылдың «01» ақпандағы № 48 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған Қағидалардың бірінші және екінші топтардың бағыттары бойынша инвестициялық субсидиялар берілетін  инвесторлардың өтінімдері қаралады.

Өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады: Талдықорған қ., Тәуелсіздік көшесі, № 67 Б.

Анықтама алу үшін 8 (7282) 55-86-03 нөмірі бойынша хабарласуға болады. 

«Азаматтарға  арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы. 


Көріністер:  167

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.07.2017 15:46

Өзгертілген күні: 17.07.2017 18:37:02

Тізімге қайта оралу


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх