Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +22 oC

Көгілдір отын Ұйғыр ауданына келді

Көгілдір отын Ұйғыр ауданына келді

    Үстіміздегі жылға 4 шілде Ұйғыр ауданының тарихына алтын әріптермен жазылып қалатын күн десек, артық айтпаймыз. Облыс орталығынан, Алматы қаласынан шалғай орналасқан Қарадала өңіріне көгілдір отын келді. Облысымыздың әкімі А. Баталов осынау ел мен жердің игілігі, ырысы мен берекесі әрі мерекесі іспетті көгілдір отынның алауын тұтатуға қатысты. Облыстық мәслихатттың 2007 жылғы «Алматы облысын 2007-2015 жылдары және болашақта 2020 жылға дейінгі кешенді газдандыру» өңірлік бағдарламасы аясында аудан аумағына 46 шақырым «Азиялық газ желісінің» құрылысы жүргізіліп, екі жыл аумағында 19 855 миллион теңге инвестиция тартылған. Қаражаттың негізгі бөлігін ауданды көгілдір отынмен қамтамасыз етуді қолға алып отырған «Азия газ Чунджа» ЖШС-гі жұмсап отыр. Жалпы көлемі 214 шақырымды құрайтын көгілдір отын үшін 23 газ тарату шкафтарының, 2 газ тарату пунктінің құрылысы жүргізілді. Аудан орталығы Шонжы ауылында 3500 тұрғын үй, 34 әлеуметтік нысан, 150 кәсіпкерлік нысандар көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болады. Қазірдің өзінде 200-ден аса тұрғын үйге көгілдір отынның құбыры тартылып, орнатылуда.

-Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Жетісу жерін көгілдір отынмен қамтамасыз етудің кешенді іс-шаралары жалғасып келеді. Соның бір көрінісіндей бүгін міне, Ұйғыр ауданына көгілдір отын келеп отыр. Бұл үлкен жақсылық. Облысты көгілдір отынмен қамту үшін жыл сайын бюджеттен қомақты қаражат бөлінуде. Алматы қаласынан Талдықорғанға дейін газ желісі тартылды. Бақанасқа, Қаратал мен Текеліге, Кербұлаққа, Жаркентке көгілдір отын жеткізілді. Болашақта Алакөл ауданына, таулы өңірге қоныстанған Райымбек, Кеген аудандарына да көгілдір отын жеткізудің жоспары бар. Бүгінгі қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндіре берсін! Әр шаңыраққа бақыт пен қуаныш тілеймін!,-деді облыс әкімі шынайы көңілімен.

   Бұдан кейін сөз алған «Азия газ Чунджа» компаниясының директоры Роман Наханов жиналған көпшілікті көгілдір отынның қуанышымен құттықтады. Қолдарыңызға тиіп тұрған жақсылықты пайдалануға тырысыңыздар деген ниетін білдірді. Облыстық мәслихаттың депутаты, осы өңірдің бір айтулы перзенті Ызғарбек Бектұрсынов ауданды көгілдір отынмен қамтумасыз етудің үлкен еңбекпен келгенін атап айтып, өңірге келген көгілдір отын – бұл заманға лайық өсіп-өркендеудің, дамудың бір сатысы, жарқын да жайдары көрінісі екенін алға тартты. Жерлестерін толағай қуаныштарымен құттықтады. Осыдан кейін облыс әкімі Амандық Баталов көгілдір отынның алауын тұтатты. Сөйтіп, Ұйғыр ауданының тұрғындары үлкен қуанышқа, жақсылыққа кенелді.


Көріністер:  1330

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 04.07.2019 16:38

Өзгертілген күні: 05.07.2019 11:41:38

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх