Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

Көксу ауданында жаңа емхана ашылды

Көксу ауданында жаңа емхана ашылды

-       Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айқындап берген  Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын іске асыруда негізгі басымдылық – ол тұрғындарға алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсетуді жақсарту. Бұл жоспар еліміздің медицина саласын одан әрі дамытуға оң әсер етпекші. «Ұлт денсаулығы – біздің жарқын болашағымыздың негізі», - деп атап көрсеткен болатын. 

Елімізде денсаулық сақтау саласының дамуына көп көңіл бөлінуде.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында денсаулық сақтау ісін реформалау, халыққа медициналық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі іс-шаралар тиімді жүзеге асып келеді, - деп атап өтті А.Баталов.

Емхананың құрылыс жұмыстары 2014 жылдың сәуір айында басталған болатын. Оның құрылысына республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінген. Емхана 3 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы көлемі 3,6 мың шаршы метр. Емхана күніне 250 адамды қабылдай алады. Онда терапия, хиругия, неврология, жұқпалы ауруларды оқшаулау кабинеттері, балаларды қабылдау бөлмесімен әйелдерге кеңес беру, зертхана,  рентгендік зерттеу және ультрадыбыстық зерттеу бөлмелері бар. Емхананың медицина қызметкерлерінің айтуынша, табысты жұмыс істеу үшін, барлық жағдайлар қарастырылған.

Балпық би кентінің тұрғындары жаңа емхананың ашылуына байланысты өздерінің ыстық лебіздері мен ризашылықтарын білдіруде.

Балпық би кентінің тұрғыны Любовь Обдина өз сөзінде: «Бүгін ауылымызда үлкен емхана ашылып, қуанышымызда шек жоқ. Бұл біздің көптен күткен арманымыз еді. Бұл жерде еліміздің басқа өңірлеріндегі озық емханалардағыдай заманауи құрал-жабдықтармен ем қабылдап, денсаулығымызды түзеуге мүмкіншілік туды. Ем іздеп облыс орталығына бармайтын болдық», - деп хабарлады.

Балпық би кентінде ашылған емханаға жас мамандар жұмысқа тартылуда. Солардың бірі Фарида Аллахвердиева: «Мен биыл ғана оқуды бітіріп, осындай керемет емдеу мекемесіне жұмысқа орналасудамын. Бұл мен үшін үлкен қуаныш және маған артылған жоғары сенім. Осы сенімді ақтау үшін тұрғындарды емдеу жолында барлық білімімді қолданамын. Емханадағы қондырғылардың бәрі жаңа, соңғы үлгідегі. Сол себепті жұмыс істеуге өте ыңғайлы», - деп атап өтті.

Жалпы биыл Алматы облысында денсаулық сақтау саласына 68,6 млрд. теңге бөлінген. Облыс тұрғындарына 931 мекеме медициналық көмек көрсетеді. 2015 жылы облыс аумағында 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланған.

Бүгінгі күні 8 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 17 денсаулық сақтау нысанына 1,4 млд.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілуде.

2015 жылы облыстың медицина ұйымдарын жабдықтау мақсатында жергілікті бюджет есебінен 1067,4 млн.теңгеге 156 дана медициналық құрал-жабдықтар және 148,5 млн.теңгеге 18 дана санитарлық автокөліктер алынды.


Көріністер:  2025

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 23.09.2015 18:12

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:59:00

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх