Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC

Көксулықтардың көгілдір отынға қолы жетті

Көксулықтардың көгілдір отынға қолы жетті

Жеңіс мерекесі қарсаңында Көксу ауданы аумағында «Балпық би» автоматтандырылған таз тарату стансасы жұмысын бастады. Оның ресми ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Айдарбек Байжанов алдымен Жамбыл ауылына келіп, мұнда олар автоматты түрде газ тарататын станса жұмыстарына назар аударды. Бұл жерде жүйенің жаңа мүмкіндіктерімен және атқарылып жатқан жұмыстармен «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов таныстырып, Көксу ауданын газдандыру ісі жайлы кеңінен әңгімеледі. Жалпы, бұл станса құрылысы 2016 жылдың соңында аяқталған. Оған жергілікті бюджет есебінен 753,97 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. Құрылыс монтаж жұмыстары да өз мерзімінде бітіп отыр.

Бұдан соң Балпық би ауылында көгілдір отынның алғашқы алауы салтанатты түрде жағылды. Көпшілікті құттықтаған А. Байжанов:

– Құрметті жерлестер! Облысты көгілдір отынмен толық қамтамасыз ету жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және «Алматы облысы кешенді газдандыру аймақтық бағдарламасы» аясында іске асырылуда. Осы бағдарлама шеңберінде салтанатты түрде көгілдір отын алауын жағуға куә болып отырсыздар. Газ саласының мамандары көксулықтарға таза газ сыйлап, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызуда. Газ жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылытады. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына да ықпал етеді, - деді Айдарбек Естебекұлы.

Аталған салаға жауапты мамандар мен ауыл ақсақалдары да ақ тілектерін арнады. Жиналғандар Балпық би ауылының тұрғыны Ербол Жапаровтың үйінде жағылған газға куә болды.


Көріністер:  949

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.05.2018 09:55

Өзгертілген күні: 05.05.2018 12:13:52

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх