Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

Көктемнің көрікті мерекесі құтты болсын!

Көктемнің көрікті мерекесі құтты болсын!

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

 

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің қанатымен ілесе келетін бұл мерекенің біз үшін орны бөлек. Көктем маусымы мен әйел табиғатының ұқсастығы күллі дүниенің үйлесіміне нәр беріп, күні бүгінге дейін тіршіліктің бастауы болып келеді. Күннің нұры жер бетін қандай шуаққа шомылдырса, ананың мейірімі де адамзатты сондай жылылыққа бөлейді. Әйел жаратылысы нәзік бола тұра, қайтпас қажыр, мұқалмас жігер, болаттай төзімділіктің де иесі.

Табиғат Әйел-Анаға сұлулық пен ақылды, мейірім мен төзімділікті молынан берген. Осындай ізгі қасиеттеріңіздің арқасында әрқайсыларыңыз ошақтың отын маздатып, отбасының берекесін арттырып, бақытын еселеп отырсыздар.

Шаңырақ жауапкершілігімен қоса, қоғамда да өз үні, өз орны бар мықты маман, іскер азамат ретінде еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер. Сіздерге осы орасан еңбектеріңіз бен ерік-жігерлеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз.

Осынау шуақты мерекеде сіздерге мол бақыт, қажымас қайрат, жүздеріңізге күлкі, жүректеріңізге мейірім, ғұмырларыңызға береке тілеймін!

Жақындарыңызға жан жылуын төгіп, бейбіт те берекелі заманның гүлденуіне атсалыса беріңіздер. Жылдарыңыз жемісті, ұрпақтарыңыз ұлағатты болсын!

8 Наурыз мерекесі құтты болсын!

 

 


Көріністер:  427

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 07.03.2018 14:09

Өзгертілген күні: 12.03.2018 11:25:27

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх