Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +32 oC

Көлеңкелі экономикаға қарсы акция

Көлеңкелі экономикаға қарсы акция

Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді! Бүгінгі күні республикалық деңгейде екі акция өткізілуде.

Біріншісі - есептік-бақылау маркаларының болуы мен түпнұсқалылығын  анықтау арқылы халықтың мүддесін көтермелеуге бағытталған «Акцизді тексер-жүлде ұтып ал!» акциясы. Екіншісі  - «Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» акциясы.

Бұл акциялар азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату, халықтың ақшалай есеп айрысулары барысында бақылау-кассалық аппаратын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Екі акция да электрондық форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon» мобилді қосымшасы  арқылы жүріп жатыр, оны Play market және APP Store қосымшалары арқылы орнатып, әртүрлі смартфондар мен басқа да гаджеттерде қолдануға болады.

«Акцизді тексер-жүлде ұтып ал!» акциясына акцияны өткізу кезінде алкогольдік өнімдердің есепке алу-бақылау маркаларының  түпнұсқалылығын «Wipon» ұялы қосымшасы арқылы тексерген  Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өнімді сатып алмаса да болады.

«Акцизді тексер-жүлде ұтып ал!» акциясы биылғы жылдың 1 қазаны мен 31 желтоқсаны аралығында өтеді.

«Чек талап ет-жүлде ұтып ал!» акциясына өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Акцияға қатысушыларға да, чектер санына да шектеу қойылмайды. Бұл ретте, бір чек бір ұтыс билетіне теңеледі. Акцияға қатысу үшін Wipon қосымшасы арқылы түсірілген чектің суретін жіберу керек. Акция 2016 жылғы 1 қазан мен 30 қараша аралығында өтеді.

Осы кезеңде барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларында ай сайын жүлделердің ұтысы мен оларды табыстау салтанаты өтеді.

Ұтыс жеңімпаздары чекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады. Қаншалықты көп чек жіберілсе, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі де соншалықты өсе түседі. 

Бас финал жыл соңында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Онда бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

   Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті


Көріністер:  3994

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 08.11.2016 16:12

Өзгертілген күні: 09.11.2016 16:40:42

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх