Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

Археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда

Археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда

Алматы облысында Шеңгелді және Қырғауылды ауылдарының аумағында көне қалалардың археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Оған облыс бюджетінен 17 млн. теңге бағытталған. Оған қоса таяу арада Сарқан ауданындағы «Қойлық», Ескелді ауданындағы «Ешкіөлмес» петроглифтеріне, Жамбыл ауданындағы «Бұрған сақ» пен «Таңбалытас» қорғандарына археологиялық зерттеу басталады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингісі барысында белгілі болды.

- Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің және өңірдегі өлкетанушы, географ, тарихшы ғалымдардың бірлескен «Рухы бекем, киелі мекен - Жетісу» ғылыми-танымдық экспедициясына 5 мыңнан астам адам тартылды. Облыстағы киелі орындар туралы ел ішінен жинақталған аңыздар мен әңгімелер, фотоматериалдар екі томдықты құрап, жұмыстың нәтижесін көрсетті. Бірінші томы оқырмандарға жол тартса, екінші томы ертең басталғалы отырған экспедицияның қорытындысында шығарылатын болады, - деді Амандық Баталов брифинг барысында.

Сонымен қатар биылғы жылдың іргелі шарасы ретінде Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға барған жолымен жүретін ғылыми-танымдық «Шоқан ізімен» экспедициясын және ҚХР-ға «Мұқали» медиа-экспедициясын атауға болады.


Көріністер:  403

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.05.2018 13:02

Өзгертілген күні: 25.05.2018 13:13:22

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх