Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -4 oC

Көшет ек те, қалаңды көркейт!

Жыл сайын сәуір айында Талдықорған қаласында «Тал күні» экологиялық акциясы өтеді. Биылғы жылы бұл акция Қазақ хандығының 550 жылдығына, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Конституция мен Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр

Акция шеңберінде облыс орталығындағы саябақтарда, скверлерде, көшелер мен аулаларда барлығы 5 мың жас ағаш көшеттері отырғызылды. Отырызылатын жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар қалалықтарға тегін үлестірілді. Шараға ҚХА мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, өңірдегі қоғам және мәдениет қайраткерлері, жастар ұйымдары мен әскери қызметкерлер белсене қатысты.

Таяп келе жатқан Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ҰОС ардагерлері Қапшағай қаласының орталық саябағында жаңа аллея жасады. 9 мамыр мерекесі өтеді деп белгіленген осы саябаққа қылқан жапырақты 100 тал егілді. Акцияға Ауған соғысының ардагерлері, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктер де атсалысты.


Көріністер:  1611

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 21.04.2015 17:24

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:58:57

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх