Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -20 oC

Көздеген межеге қол жеткізу қажет

Көздеген межеге қол жеткізу қажет

Бүгін облыстық әкімдік ғимаратында аудан, қала әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндауға арналған тыңдалымдар Текелі қаласы мен Қарасай аудандары әкімдерін тыңдаумен жалғасты.

Тыңдалым барысында, Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев ағымдағы жылдың өткен 10 айының қорытындысы бойынша өндірістік өнім көлемі 11,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 104,4 % құрағандығын атап өтті. Бұл тұста атап өтер болсақ, қаланың жылдық өндірістік өнім көлемі жоспар бойынша 14,1 млрд. теңгені құрауы тиіс. Сонымен қатар «Достық» индустриалды аймағын дамыту бойынша нақты істер қолға алынуда. Индустриалды аймақ аумағында алдағы уақытта бірнеше өндірістік нысандарды орналастыру көзделуде. Олардың қатарында «Қаженов» шаруа қожалығының алманы сақтау және қайта өңдеуге арналған зауыты (жобаның жалпы құны – 719,8 млн. теңге), жылына 35 мың дана кірпіш шығаратын қуаттылығы бар «Амангелді Қуаныш» жеке кәсіпкерінің лего кірпіштерін шығаратын цехы және өзге де кәсіпорындар бар. Б.Өнербаевтың сөзінше 2017 жылдың 10 айында негізгі капиталға 4,3 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Қала әкімі атқарылған жұмыстар мен жоспарларына тоқтала келе, қолдауды қажет ететін бірнеше жобаларды қолдауды сұрады. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер жолы мен қаланың орталық көшелері тротуарларының ағымдық жөндеу жұмыстары, балаларға арналған ойын алаңдарын салу, жаңа кітапхана ғимаратының құрылысы туралы аталып өтті. Баяндамашыны тыңдаған облыс әкімі Амандық Баталов аталған жобалардың әлеуметтік маңызға ие екендігін атап, ұсыныстарды жіті қарап, оларды бекіткеннен кейін осы жобаларды жүзеге асыру мақсатында келесі жылға қажетті қаражатты қарастыруды тапсырды.

Сондай-ақ өңір басшысы шағын несиелендіру, қысқа мерзімді курстарды оқып шыққан қала азаматтарын тұрақты жұмыспен қамту және «Туған жер» бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірнеше ескертулер жасады. Облыс әкімі жыл соңына дейін барлық көрсеткіштер бойынша жоспарланған көрсеткіштерге жетуді, үстіміздегі жылға жоспарланған іс-шаралар жоспарында көзделген әрбір жоба мен айтылған ұсыныстардың іс жүзінде халыққа өз пайдасын тигізетіндігіне көз жеткізетіндігіне кәміл сенімді болу үшін сұраныстарды қайта қарап шығуды тапсырды. Өңір басшысы Текелі қаласын газдандыру жұмыстарына қазірдің өзінен қамдана бастауды ескертті. Газ жүйесінің тарамдарын қалаға жеткізу жұмыстары мен қалаішілік газ құбырларының құрылысын қатар жүргізуді тапсырды.

Дәл осы күні 2017 жылға жоспарланған тапсырмалардың орындалу деңгейі мен алдағы жоспарларымен Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиев те бөлісті. Баяндамашының сөзі бойынша алдағы 2018 жылы өндірілген ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 46,2 млрд. теңгені құрамақ. 550 млн. теңге ивестиция тарту арқылы қосымша 3 гектар аумақта «АгроИмпэксАлатау» ЖШС-нің жылыжай кешенінің жобасы іске асырылатын болады. Халықты жұмыспен қамту бағытында да ауыз толтырып айтар жетістердің барын жеткізді. Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айында аудандық жұмыспен қамту орындарына өтініш берген 3589 азаматтың 2580-і жұмыспен қамтылып отыр.

Осыдан кейін аудан әкімі М.Бигелдиев күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, мектептердің құрылысы, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, апатты қоқыс алаңдарын жою және топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы, әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге арналған жер телімдерін қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

Баяндамашыны тыңдаған өңір басшысы А.Баталов, айтылған барлық өтініштер мен ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастырып, бірінші кезекте кейінге қалдыруға болмайтын өзекті мәселерді анықтап, келесі жылдың жұмыс жоспарына енгізуді және кезең-кезеңімен күн тәртібіндегі өзге де қордаланған мәселелерді өз ретімен іске асыру үшін қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.

Сондай-ақ Қарасай ауданының әкіміне заңсыз құрылыс пен жер бөлу мәселелерін күнделікті бақылауда ұстауды, еш жағдайда заңсыз құрылысқа жол бермеуді, білім сапасы мен ана өлімінің орын алмауына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

   


Көріністер:  275

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 04.12.2017 17:14

Өзгертілген күні: 04.12.2017 17:16:28

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх