Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC

Кептелістің күрмеуі шешіледі

Кептелістің күрмеуі шешіледі

«Алматы - Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы учаскесін, яғни «Алтын Орда» базары маңындағы 3,8 шақырымдық жол кеңейтілетін болады. Осы маңдағы көлік кептелісін шешу үшін облыс әкімдігінің ұсынысымен үкімет тарапынан қолдау тапқан ауқымды жоба биылғы жылы жүзеге асырыла бастайды. Күрделі жөндеу барысында жол үсті көпірлері мен жол бұрылыстары да қарастырылмақ. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов айтты.  

«КазАвтоЖол» мекемесінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевтың айтуынша, «Алтын Орда» базары маңындағы автожол арқылы тәулігіне 50 мың автокөлік жүреді. Мұндағы кептіліс мәселесін шешу мақсатында аталмыш жолдың 16-19 шақырымдары аралығы 8 және 10 жолақты болмақ. Оның екі жолағы транзиттік көліктерге арналса, екі жолағы жергілікті маңға жүретін көліктерге, ал бір жолағы автобусқа, яғни қоғамдық көлікке арналады. 16-шы шақырымда бұрылыс эстакадасы қарастырылады.

«Алматы - Бішкек» автокөлік жолының 786-790 шақырым учаскесі бөлігін кеңейтудің бұған дейінгі жобасына биылғы жылы бірқатар толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтқанда, жобаның екінші кезеңінде 18 мың тұрғыны бар «Асыл Арман» ТК тұрғындарының өтініші бойынша аталмыш кешеннен қалаға бұрылатын «Труба» типті жер үсті жолы салынса, сонымен қатар Райымбек ауылы тұсында тағы бір, жоба бойынша төртінші жер үсті жолы қарастырылатын болады. Екі кезеңінің де жобасын «АстанаСтройПроектСервис-М» ЖШС дайындауда. Тамыз айының соңына дейін «МемСараптама» мекемесінің оң қорытындысы шығады деп жоспарланған. Жобаны толық жүзеге асырудың алдын ала есептеу бойынша құны 12 млрд. теңгеге жуық деп жобаланып отыр. Биылғы жылға 800 млн. теңге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.

Жобаны іске асыру мақсатында мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін алу жұмыстары жүргізілуде. Алуға жататын облыс аумағындағы 53 учаске болса, бүгінгі күнге соның 5-еуі мемлекеттік жер учаскесі, 30-ы алынған, 13-інде алу процесі жүріп жатыр, ал 5 жер учаскесінің иелерімен келіссөздер жүргізілуде.

Облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов күрделі жөндеу жұмыстары кезінде сол маңдағы іргелі нысандардың жұмысына кедергі келтірмеуді, уақытша жолдардың бағытын келісіп жасауды тапсырды. «Бұл жоба өз кезегінде көлік кептелісін шешуге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне оң ықпалын тигізетін болады», - деді А. Байжанов. 


Көріністер:  330

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.08.2017 12:35

Өзгертілген күні: 05.08.2017 12:58:05

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх