Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Халықаралық дəстүрлі музыка фестивалі өтті

Халықаралық дəстүрлі музыка фестивалі өтті 07.10.2017 17:19

Бүгін Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұңғыш рет «Мəңгілік елдің мəңгілік сарыны» атты халықаралық дəстүрлі музыка фестивалі өтті. Əлемнің 7 елінен 50-ден астам əртіс көрермендерге өз өнерін көрсетті.

Фестивальдің ашылу салтанатында қатысушыларды облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

-  Жетісу жеріне келген қонақтарға облыс басшысының жəне жетісулықтардың атынан қош келдіңіздер деймін. Өз бағдарламасында Мемлекет басшысы жаңару жолынан өту барысында дəстүріміз бен тарихымызды сақтай отырып, бабаларымыздың бай мəдени мұрасын жас ұрпаққа жеткізуіміз керектігін атап өтті. Бүгінгі фестиваль - осы бағыттағы қадамның бірі. Талдықорғанда тұңғыш рет өтіп отырған Халықаралық дəстүрлі музыка фестивалі бұдан əрі жыл сайын тұрақты өтетін шараға айналады, - деді Ж.Омар.

Фестивальға Түркиядан, Татарстаннан, Якутиядан, Түркіменстаннан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан белгілі əртістер мен қонақтар қатысты. Əрбір нөмірге қызу қол соғып, көрермендер ыстық ықыластарын білдірді. Атап айтқанда, домбыра, сырнай жəне басқа да аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған əндер, жеке дауыстағы орындаулар, түрлі ансамбльдердің өнері  көрерменді тəнті етті. Əр өнерпаз өз елінің, сазының қайталанбас тарихын музыканың ортақ тілімен жеткізді.  

Атап өтсек, халықаралық дəстүрлі музыка фестивалі Алматы облысы əкімдігінің қолдауымен, шығармашылық тəжірибе алмасу, сол сияқты түркітілдес халықтардың экономикалық жəне мəдени байланыстарын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.  


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg