Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

Жаңалықтар

08.10.2015 12:28

Күні кеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында ауданның бірнеше нысандарының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Талдықорғанда жыл мұғаліміне жаңа автокөлік берілді 02.10.2015 12:53

 Бүгін Алматы облысында мұғалім мамандығының үздіктері марпатталды. Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында өткен шарада «2015 жылдың ең үздік мұғалімі» атағын Талдықорған қаласының № 10 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Зарина Түсіпжанова жеңіп алды. Жеңімпазға жаңа жеңіл авто көліктің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

Сүйінбай Аронұлына арналған ескеркіштің  салтанатты ашылуы өтті 19.09.2015 16:18

 Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен Алматы қаласында қазақтың атақты ақыны Сүйінбай Аронұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

04.09.2015 15:21

Бүгін Панфилов ауданының «Жаркент» бақылау-өткізу пунктіне «Достық және Ынтымақтастық» «Қытай - Қазақстан: Ұлы Жібек жолының шәй мәдениеті» Керуені келіп жетті. Ресми делегацияны Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев қарсы алды.

21.05.2015 13:37

Бүгін Талдықорған қаласында «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» болып Бикен Римова атындағы облыстық драма театры танылды. Бұл туралы бүгін облыс орталығында өткен мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңындағы салтанатты шарада белгілі болды.

21.05.2015 12:15

Бүгін мәдениет және өнер саласындағы үздік деп танылған ұйымдар мен осы салада еңбек етуші қызметкерлер кәсіптік мереке қарсаңында арнайы дипломдар мен силықтарға және 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Ал Б.Римова атындағы облыстық драма театры «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясында жеңімпаз деп танылып, оларға «УАЗ» автокөлігі табыс етілді.

Мерейтойдың мазмұнды өтуіне мән берілмек 03.04.2015 11:45

Жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойын лайықты деңгейде атап өтуге Алматы облыстық  бюджетінен қомақты қаржы қарастырылып отыр. Бұл туралы Алматы қаласында Жазушылар одағында өткен «Сүйінбай ақын - түркі дүниесінің  рухани қазынасы» атты әдеби-танымдық конференцияда Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінгі күнде ақын шығармашылығын зерттеп, мұрағат арқылы бұрын баспа бетін көрмеген өлеңдерін жинақтап ...

30.03.2015 11:41

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылында ақын Тұманбай Молдағалиевтің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.

18.03.2015 16:28

Наурыз мерекесі қарсаңында Талдықорған қаласындағы «Жастар» паркінде 400 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Ондағы көшеттердің негізгі бөлігін қарағай, тянь-шань шыршасы мен көк шырша ағаштары құрайды. Аталған шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларының өкілдері өз үлестерін қосты.

10.03.2015 13:17

Облыс орталығындағы «Sity Plus» сауда-ойынсауық кешенінде қазақстандық режиссер Рашид Сүлейменовтың «Оралу» фильмінің тұсаукесері болып өтті. Фильм Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Көркем фильм» кинокомпаниясының қолға алуымен түсірілген.

Алматы облысында «Жамбыл күні» аталып өтті 28.02.2015 12:33

Бүгін ұлы ақын жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 169 жыл толуына орай Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында жыл сайынғы дәстүрлі «Жамбыл күні» мерекелік шарасы аталып өтті.

«Ел еркесі - Есенқұл» 19.02.2015 12:55

Бүгін Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, айтыскер-ақын Есенқұл Жақыпбекті еске алуға байланысты «Ел еркесі - Есенқұл» атты кеш өткізіледі.

 


Страницы: 1 2 След.

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх