Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +34 oC
Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды

Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы басталды

Бүгін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының (ҮАААЖ) 4-ші іске қосу кешенінің 56-шы шақырымында ҮАААЖ құрылысына сәттілік тілеп, үлкен жоба құрылысын бастап берді. Шараға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы қатысты.

Жиын басында жобаны жүзеге асыру барысы туралы презетнациямен «Алсим Арко» АҚ концессионер компаниясының вице-президенті Аббас Шахин таныстырды.

Салтанатты жиында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин жобаның маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.

- Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысы – «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқан іргелі жоба. Оны жүзеге асыру  Қазақстан экономикасы үшін маңызды оқиға болмақ. Бұл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін қолдану арқылы инфрақұрылымды дамытудың алғашқы ірі жобасы, оны жүзеге асыруға ірі халықаралық компаниялар қатысады. Жобаның құны  180 млрд.теңгеге жуық. 4 жылдан кейін толық іске қосылады деп жоспарланған. Бүгін біз ҮАААЖ құрылысын басап отырмыз. Баршаңызды осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймын, - деді бірінші вице-премьер.

Өз кезегінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҮАААЖ құрылысының облыс экономикасын дамытудағы маңызына тоқталды. Бұл маңызды автокөлік жолы облыстың 3 ауданының – Қарасай, Іле, Талғар аудандарының аумағын басып өтеді.

- Бүгін біз Елбасының тікелей тапсырмасымен аса ірі жобаны бастап отырмыз. Бұл жобаның Алматы облысы үшін де маңызы зор. Елбасы саясатының арқасында және «Нұрлы жол» бағдарламасының нәтижесінде облыс аумағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы - Талдықорған» сияқты халықаралық стандарттағы ірі автокөлік жолдары салынды, ҮАААЖ осы көлік дәліздерінің жалғасы болмақ. Айналма авожолы аяқталғаннан кейін бұл өз кезегінде облыстағы шағын және орта бизнестің, жол бойындағы қызмет көрсету мен көлік-қойма терминалдарының дамуына әсер етіп, мультипликативті тиімділігін көрсететін болады. Сонымен қатар өнеркәсіп орындары үшін нарыққа жол ашуға мүмкіндік жасайды, - деді А. Баталов.

Сондай-ақ облыс басшысы атап өткендей, құрылыс кезінде 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, оның 90 %-ін жергілікті тұрғындар құрайтын болады. Ал құрылысы аяқталғаннан кейін 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Жалпы 300 млрд. Теңгеге жуық инвестиция тарту көзделген. Жобаны жүзеге асыру үшін облыс әкімдігі тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданған: қажетті жер учаскелерін дер кезінде босатылды, вахталық қалашықтарды, бетон және асфальт зауыттарын орналастыру мен оларды барлық коммуникация жүйелеріне қосу, қазу орындарын белгілеу мәселелері шешілді.

Сөзінің қорытындысында Амандық Баталов облыс әкімдігі құрылыстың сапалы және мерзімінде талқылауына барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

Атап өтсек, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин Талғар қаласында «Amal Bio» ЖШС базасында өткен жиынға қатысты. Мұнда бірінші вице-премьерге Gate-сity серіктес қаласының бас жоспары мен «APORT-AKTAS Лесная сказка» тау шаңғы жобасы таныстырылды. 

    


Көріністер:  136

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 31.05.2018 14:59

Өзгертілген күні: 05.06.2018 14:59:19

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх