Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Мәдениет күндері мәресіне жетті

Мәдениет күндері мәресіне жетті 15.07.2017 22:56

«Астана ЭКСПО – 2017» мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылған Алматы облысының Мәдениет күндері мәресіне жетті. ЭКСПО қалашығындағы Амфитеатрда Мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы өтті.

Салтанатты рәсімге «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар арнайы келді.

Жабылу рәсімінде көрермендерге Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның «Жерұйық – жасыл бауларым» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды. М. Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамблі және басқа да белгілі өнер иелері сахнаға шықты. Сонымен қатар «Меломен» және «МузАРТ Life» топтары да қонақ ретінде қатысты.

Амфитеатр маңайына көрермен көптеп жиналды. Олардың арасында ЭКСПО қалашығында жұмыс істейтін қызметкерлер, еліміздің өзге қалаларынан келген қонақтар, көрмеге арнайы келген шетелдіктер де бар.

ЭКСПО көрмесінің стендисі Ержан Мухабдин - Алматы облысының концертін бастан аяқ тамашалағандардың бірі. Ол ұлттық колоритке бай мұндай концерттің, әсіресе, шетелдіктерге ұлттық өнерімізді танытудағы маңызының ерекше екенін атап өтті. Және Өмірқұл Айниязов сияқты сүйікті әншілерінің өнерін тамсана тамашалағынын айтты.

Ал голландиялық Брус Гакен ЭКСПО көрмесін тамашалау үшін елімізге сапарлап келген. «Жалпы Астана қаласынан, соның ішінде ЭКСПО қалашығының өзінен-ақ күнделікті ұлттық стильдегі шараларды көру менің осы ел туралы танымымды кеңейтуде. Біз жолдастарымызбен бірге ЭКСПО-ға келу арқылы тек болашақтың энергиясына қатысты мәліметтерден ғана емес, сонымен бірге Қазақстан туралы да кеңінен хабардар болып жатырмыз», - деп ой бөлісті голландиялық қонақ.

Айта кету керек, «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай 11-15 шілде аралығында Астана қаласында өткен Алматы облысының Мәдениет күндері өткен болатын. 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg