Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -19 oC

Депутаттар ел ішінде

Депутаттар ел ішінде

Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламентінің бірқатар депутаттары келді. Олар сапар барысында облыстың аудан-қалаларындағы өнеркәсіп нысандарында, құрылыс алаңдарында және әлеуметтік маңызды орындарда болып, жұртшылықпен кездесті.

Соның ішінде Марат Бопазов пен Серік Сәпиев облыс орталығында бірнеше кездесу өткізіп, Алматы – Талдықорған жолының бойында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан коттеджді қалашықтағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. 

Жалпы бұл қалашықта жалпы саны 600-ден астам тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар тұрғызылатын болады. Әзірге 12 үйдің құрылысы басталып, кестеге сай жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлердің аумағы 80-130 шаршы метрге дейін болмақ. Коттедж үйлердің құрылысына отандық материалдар қолданылып, жұмыс күшіне жергілікті жұмысшылар тартылған. С. Дәрменовтің айтуынша, 2019 жылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысушыларға коттедждер пайдалануға беріле бастайды.

Мұнан соң Жастарға қызмет көрсету орталығында болып, онда «Нұр Отан» облыстық партиясы мүшелерімен, жастармен және «Patriot. Kazakhstan» реалити-шоуының қатысушыларымен кездесті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев осы сапарында Ақсу қант зауытының жай-күйімен танысты. Депутат зауыттың кадрмен қамтылу мәселесі жайлы сұрады. Аудан әкімі Әділбек Далбағаев мамандар даярлау туралы жергілікті политехникалық колледжбен келісімшарт жасалғанын атап өтті. Бұл оқу орнында қайта оқытудың қысқа мерзімді үш айлық курстары, сонымен қатар екі жыл оқытатын толық мерзімді білім беру де қарастырылған. Кард мәселесін шешуде осы бағыттағы жұмыстар өз септігін тигізетін болады.

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов Талдықорған қаласында облыс ардагерлерімен кездесті. "Ардагерлер үйінде" өткен басқосуда депутат алдыңғы буынның өңірдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі зор екенін айта келе, оларға ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының міндеттері, латын графикасына көшу, "Туған жер" және басқа да маңызды бағдарламалар туралы әңгімеледі. Ардагерлер өз тараптарынан жастардың тәрбиесі, ел мен жердің тарихы мен шежіресін түгедеуде әлі де үлес қосатындықтарын жеткізді.

ҚР Парламенті депутаттарының облысқа сапары жалғасуда. 


Көріністер:  207

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 05.01.2018 16:22

Өзгертілген күні: 09.01.2018 09:04:09

Тізімге қайта оралу


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх