Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Акция аясында 27 мыңға жуық оқушыға көмек берілді

Акция аясында 27 мыңға жуық оқушыға көмек берілді 13.09.2017 16:11

Биылғы жылы Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы басталған 1 тамыздан бүгінгі күнге дейін 27 мыңға жуық балаға 268,3 млн. теңгенің материалдық көмегі көрсетілген. Оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 124 млн. теңгеге жуық, ал  демеушілер мен меценаттар тарапынан 144 млн. теңгеден астам сомаға жәрдем берілді. Ал өткен жылы осы акция шеңберінде облыс бойынша 51 мыңнан астам оқушы жалпы сомасы 427,7 млн. теңгеге материалдық көмек алған болатын.

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, биылғы акция «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» үндеуімен өтуде. Шараға атсалысушылар қатары жыл санап артып  келеді. Акция аясында арнайы рейд ұйымдастырылып, мектепке бармаған балаларды анықтау, сондай-ақ  халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобынан шыққан балалардың жаңа оқу жылына дайын болуына, қажетті киім-кешекпен және құрал-жабдықтармен қамтылуына қол ұшын созу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық білім басқармасы республикалық акцияны өткізу барысында балаларға тұрақты жәрдемдесіп келе жатқандар қатарында өңір  кәсіпкерлері, меценаттар, «Нұр Отан»  партиясы өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар ұжымдары және қарапайым тұрғындардың да бар екенін айтып, оларға алғыс білдіруде.

Айта кету керек, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. 


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg