Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +34 oC
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тоғыз басым міндеттер талқыланды

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тоғыз басым міндеттер талқыланды

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тоғыз басым міндеттер талқыланды

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алматы облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 2,9 %, ауыл шаруашылығы – 3,2%, құрылыс жұмыстары - 1,4%, бөлшек сауда тауар айналымы 3,7%-ке өсіп, 364,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл туралы кеше облыс әкімі Амандық Баталов Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Талдықорғанда өткізген облыстық актив жиынында айтты.

Облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Нұрлан Әбдірахым қатысты.

Облыс әкімі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономиканың тұрақты өсуін сақтауға бағытталған сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар бергенін атап өтті. Өз баяндамасында Амандық Баталов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі ілгерілету мақсатында Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларына сәйкес тоғыз басымдық бойынша алдағы міндеттерді жіктеп айтып берді. Соның ішінде елді индустрияландыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, кәсіпкерлікті өркендету, тұрақты макроэкономикалық ортаны қалыптастыру, бюджет қаржысын пайдаланудың тиімділігін арттыру, өмір сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін нығайту, аймақтарды дамыту, мемлекеттік басқару тиімділігін және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселелеріне ерекше тоқталып, тиісті тапсырмалар берді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамытудың негізгі басымдықтарын атап көрсетіп, алдымызға үлкен міндеттер қойды. Елбасының бастамасымен қолға алынған ИИД, жұмыспен қамту, тұрғын үй және басқа да салалардағы мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды одан әрі жалғастырып, іске жаңа серпінмен кірісуді тапсырамын. Сонымен қатар Арыстағы құрылыс нысандарындағы жұмысты сапалы әрі мерзімінде орындауды, істі қарқынды түрде жүргізуді құрылыс басқармасынан талап етемін, - деді А. Баталов.


Көріністер:  1414

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.07.2019 15:50

Өзгертілген күні: 17.07.2019 15:52:03

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх