Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Мемлекеттік кірістер комитеті тағы да автомобиль ұтысын өткізеді!

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2018 жылдың 21 мамырынан бастап «Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» жалпыреспубликалық акциясы басталғанын хабарлайды.

Акцияның негізгі мақсаты:

- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін арттыру;

- халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;

- азаматтарды қызмет, тауар, жұмыс тұтынушысы ретінде өз құқын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Акция электрондық форматта «Wipon» мобилді қосымшасы арқылы өткізілуде.

Акция 2018 жылдың 21 мамырынан қараша айының 30-на дейін өтеді.

«Түбіртекті талап ет-жүлдені ұтып ал!» Акцияға өздері тұтынған тауар, жұмыс немесе қызмет үшін берілген фискалды түбіртек фотосын жіберген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Акцияға қатысушыларға да, түбіртек санына да шектеу қойылмайды.

Бұл ретте, бір түбіртек бір ұтыс билетіне теңеледі.

Акцияға қатысу үшін:

-           түсірілген түбіртектің сүретін жолдау қажет;

-           бір түбіртек жеке бір сурет болуы қажет;

-           жолданған түбіртекте ЖСН/БСН, күні, уақыты, қорытынды сомасы, фискалдық белгі анық көрінуі тиіс;

-           түбіртекте фискалдық белгі  - ФП, Ф, F, фискалдық, фискалдық түбіртек жазбасы болуы керек; түбіртектің түпнұсқасын сақтау міндетті емес;

-           «Wipon» мобилді қосымшаны жойған жағдайда алдыңғы жолданған түбіртектер есепке алынбайды;  

-           қайталап жолдаған түбіртектер есепке алынбайды;

-           жолданған түбіртекте  алынған тауарлардың күні және уақыты 2018 жылдың 21 мамырынан ерте болмауы керек.

Ұтыс жеңімпаздары түбіртекті кездейсоқ таңдау әдісімен анықталады. Қаншалықты көп түбіртек жолданса, жүлдені ұтып алу мүмкіндігі соншалықты өсе түседі.

Ай сайын Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде ұтыс ойыны өткізіледі.

Бас финал жылдың аяғында Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, онда бағалы жүлделер ойнатылады, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынады.

Алматы облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті




Көріністер:  282

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 25.05.2018 10:00

Өзгертілген күні: 29.05.2018 15:05:09

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх