Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Мемлекеттік қызметшілердің ХІ жазғы спартакиадасы басталды

Мемлекеттік қызметшілердің ХІ жазғы спартакиадасы басталды 13.06.2018 13:02

Бүгін Талдықорғандағы «Жастар» Спорт сарайында Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілердің ХІ жазғы спартакиадасы басталды. Шара мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Жарысқа қатысушыларға көрнекті ойын, жеңісті жол тілеген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевтың сөзінен кейін спортшылар сап түзеп, жарыс алаңына бет алды.

Спартакиаданың шымылдығы веложарыспен ашылды. Оған 100-ден астам мемлекеттік қызметші қатысуда.

Жалпы спартакиадаға облыстың аудан, қалаларынан, басқармалар мен департаменттерден, күштік құрылымдардан жалпы саны 29 команда қатысып жатыр. Олар шағын футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, бильярд, үстел теннисі, шахмат ойындарынан өзара сайысқа түседі. Жарыстар 3 күнге созылады. 15 маусым күні жүлдегер командалар дипломдармен, медальдармен марапатталады.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg