Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

Менингокок инфекциясының қаупі сейілді

Менингокок инфекциясының қаупі сейілді

Бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен менингококк инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдай талқыланған жиын өтті. Жиында сырқаттарды тіркеу жайы және аурудың алдын алу шаралары жайлы сөз болды. Басқосуға денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, тиісті басқармалар мен департаменттер басшылары, облыстық, аудандық, қалалық емдеу мекемелерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ менингококк инфекциясынан сақтану жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шараларға тоқталды.

Б. Ысқақтың айтуынша, облыстағы медициналық мекемелерде қосымша резервтегі төсектер дайындалды: облыстағы инфекция бойынша төсектердің жалпы саны 624-ке жеткізілді, қажетті дәрі-дәрмек қоры бар, инфекциялық стационарда қосалқы посттар ұйымдастырылған, менингит қаупі кезіндегі медицина қызметкерлерінің әрекет ету шаралары айқындалды, психологтар тартылды. Тұрғын үйлер аулаларын аралау барысында 40 748 адам қамтылып, 36 мыңнан астам медицина мамандарының қатысуымен 282 семинар өткізілген.

Қазіргі кезде облыста менингококк ауруының өршуі басылды. 3 сырқат жазылып, үйлеріне шығарылды.

Алматы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов өңірдегі менингокок инфекциясының эпидемиялық жағдайына тоқталды. Ол өз сөзінде ҰБТ ұйымдастырушылары инфекцияның алдын алу туралы ұсынымдарды қатаң сақтауы керектігін айтты. Бұл талаптар жазғы демалыс кезіндегі балалар лагерьлеріне де қатысты.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің м.а. Л. Тұрлашов менингококк инфекциясының қаупі бар сырқаттарды дер кезінде анықтау және аурудың алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда болуы керектігін атап өтті.

- Бірінші кезекте өз кәсіби міндеттеріңізге асқан жауапкершілікпен қарау маңызды. Пациенттерге көңіл аударып, қамқорлық жасау – әрбір дәрігердің міндеті. Осы үнемі естеріңізде болсын! Өңірде менингококкпен ауырған 4 сырқаттың қайтыс болу фактісіне қатысты жан-жақты зерттеу жүргізіп, орын алу себептерін анықтаңыздар. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдайтын боламыз. Халық арасында аурудың алдын алу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ғана емес, аудан, қала әкімдері мен орынбасарлары да жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы тиіс, - деді Л. Тұрлашов.


Көріністер:  383

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 12.06.2018 18:28

Өзгертілген күні: 13.06.2018 12:30:55

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх