Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Жетісу жерінде 203 нәресте дүниеге келді

Жетісу жерінде 203 нәресте дүниеге келді 04.01.2018 15:06

Барша қазақстандықтар Жаңа жылды тойлатып, мәре-сәре күйде болып жатқанда, Алматы облысындағы 203 отбасының қуанышы еселене түсті. Себебі олардың отбасы мереке күндері нәрестемен толықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйене отырып баспасөз қызметі хабарлайды.

2017 жылдың 31 желтоқсаны мен 2018 жылдың 2-ші қаңтары аралығындағы 3 тәулікте облыс тұрғындарының саны 203 адамға артты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, облыс бойынша өмірге келген бөбектердің басым көпшілігі Қарасай, Іле аудандары мен Талдықорған қаласының перзентханаларында тіркелген.

Ескерте кететін болсақ, Алматы облысында әр шаңырақты бақытқа кенелтіп, дүниедегі ең қымбатты жанды дүниеге әкелетін 24 перзентхана мен арнайы бейімделген бөлімшелер қызмет етуде.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg