Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -4 oC

Мерекелік медальдар тапсырды

Жиында облыс әкімі А. Баталов құттықтау сөз сөйледі.

- Ата Заңымыз халқымыздың саналы таңдауы, дамуымыздың берік тірегі. Басты байлығымыз - тыныштық пен бейбіт өмірдің арқасында біз айбары асқан, дәулеті тасыған елге айналдық. Тиімді құ­қық­­­тық жүйені орнықтыру арқылы біз экономикалық өсімге жә­­не қоғамның әл-ауқатының ар­туы­на қол жеткіздік. Елімізде тұрақ­тылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.

Ұлт Көшбасшысы  халықтың назарына «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын ұсынды. «100 нақты қадам» 5 институттық  реформаны іске асыру жолдарын нақтылады. Осы бағытта облыста Елбасы қойған міндеттерді кезең-кезеңімен шешу үшін нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл тарапта жетісулық  әрбір белсенді азаматтың еңбегі, лайықты үлесі бар, - дей келе жетісулықтарға еңбекте табыс, береке-бірлік тіледі.

Мұнан соң салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасты. Өңір басшысы бірқатар азаматтарға «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін тапсырды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер көпшілік алдында ант қабылдады.

Жиын соңы концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

/4cf10a4d2570d5672368feba99c2cccf.JPG][img=left]/upload/upload_image/thumb/4cf10a4d2570d5672368feba99c2cccf.JPG[/img][/url] 


Көріністер:  2083

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 28.08.2015 12:32

Өзгертілген күні: 12.11.2015 15:59:00

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх