Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +13 oC

Назарларыңызға!

Назарларыңызға!

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), доллар бағасының өсуіне байланысты, тиісті тауарлардың соның ішінде отандық өнімдердің бағасын жасанды түрде көтеруге бағытталған жеке нарық субъектілерінің түрлі алып-сатарлық іс-әрекеттері болуы мүмкіндігін хабарлайды.

Осыған байланысты, төменде көрсетілген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, тергеу амалдарының басталуына себепші болуы мүмкін:

-монополиялық жоғарғы бағаны белгілеу;

-өндiру немесе беру мүмкiндiгi болған кезде тұтынушылардың, нарық субъектілерінің сұранысы немесе тапсырыстары бар тауарларды өндiру және (немесе) беру көлемдерiн негiзсiз қысқарту немесе өндiруді және (немесе) беруді тоқтату;

-егер тауардың бағасын көтеру тауарды алып қоюдың нәтижесi болып табылса, тауарды айналыстан алып қою (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 174 бабы).

Сонымен қатар, нарық субъектілерінің келесі келісімдері және келісілген әрекеттеріне тыйым салынады:

- тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеуге және (немесе) ұстап тұруға;

-тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге (ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 170 бабы).

Осындай заңсыздыққа жол берген нарық субъектілеріне, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159 бабына сәйкес, монополиялық кіріс тәркiлене отырып, алынған кірістің 3% дан 5%-ға дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 90-2 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу монополияға қарсы органның міндеттерінің бірі болып саналады.

Жоғарыда аталғанның негізінде, Департаментпен монополяға қарсы заңының бұзылуына тергеу жүргізудің және тиісті әрекет ету шараларының алдын алу үшін, өз қызметтерін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сай жүргізу керектігін ескертеміз.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 
Табиғи монополияларды реттеу, 
бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің 
Алматы облысы бойынша департаменті 




Көріністер:  163

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 14.09.2018 10:20

Өзгертілген күні: 14.09.2018 10:24:01

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх