Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +28 oC

Облыс әкімі 200 әйел-ананы қабылдады

Облыс әкімі 200 әйел-ананы қабылдады

Алматы облысы әкімінің Халықаралық әйелдер күніне орай Салтанат сарайында өткізілген салтанатты қабылдауына облыстың аудан, қалаларында әр салада жемісті еңбек етіп жүрген, өңір дамуына үлес қосқан 200 әйел шақырылды. Облыс басшысы Амандық Баталов жетісулық әйелдерді, атап айтқанда соғыс және еңбек ардагерлерін, көп балалы аналарды, қоғам қайраткерлерін және түрлі сала мамандарын көктемгі мерекемен құттықтады.

Кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде облыс әкімі А. Баталов:

- Құрметті аналар, аяулы арулар! Ерекше мереке 8 Наурыз қарсаңында өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Табиғат Әйел-Анаға сұлулық пен ақылды, мейірім мен төзімділікті молынан берген. Осындай ізгі қасиеттеріңіздің арқасында әрқайсыларыңыз ошақтың отын маздатып, отбасының берекесін арттырып, бақытын еселеп отырсыздар. Шаңырақ жауапкершілігімен қоса, қоғамда да өз үні, өз орны бар мықты маман, іскер азамат ретінде еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келесіздер. Сіздерге осы орасан еңбектеріңіз бен ерік-жігерлеріңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Отбасыларыңызда әрқашан қуаныш, бақыт, ырыс пен ынтымақ орнап, барлық арман-мақсаттарыңыз орындалсын! – деді.

Мұнан кейін салтанатты жиын марапаттаумен жалғасты. Облыс басшысы көпбалалы аналарды Алтын алқамен, Күміс алқамен наградтап, бірқатар әйел азаматшаларға медицинадағы, білім берудегі, спорттағы, бизнестегі, журналистикадағы және басқа да маңызды салалардағы жемісті еңбегі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, алғыс хатымен марапаттады.

Өз кезегінде әйелдер көрсетілген қошамет үшін ризашылығын білдірді. Олардың қатарында І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың проректоры Ләззат Еркінбаева, «Шығыс кен басқармасы» ЖШС-ның директоры Зелина Катранова, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бастығы Жанар Амержанова, неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі, Талғар аудандық мәслихатының депутаты Светлана Алмабекова, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармонияның әншісі Әсем Сембина да бар. Олар өз сөзінде облыстың дамуын, соның ішінде Талдықорғанның сәулеттік кейпінің ерекшелене бастағанын тілге тиек етті.

Кездесу соңында музыкалық сыйлық ретінде ән шырқалды.


Көріністер:  258

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 07.03.2018 13:20

Өзгертілген күні: 12.03.2018 15:38:18

Тізімге қайта оралу


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх