Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

Облыс әкімі аппаратында - жаңа басшы

Облыс әкімі аппаратында - жаңа басшы

ТАҒАЙЫНДАУ

 Алматы облысы әкімінің өкімімен Темірлан Амангелдіұлы Бектасов Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 Темірлан Амангелдіұлы Бектасов

1969 жылы туған. Алматы гидромелиоративтік техникумын техник-гидротехник, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын құрылыс инженері мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қазақтың картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Строитель» кооперативінің техникалық бақылау инженері болып бастады. Әр жылдары «Қарасай аудандық өндірістік-жобалау архитектуралық-бейнелеу бюросы» МҚК I дәрежелі технигі, II дәрежелі инженері, Қаскелең қаласы бойынша сәулет және құрылыс бөлімінің меңгерушісі, «Қарасай ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ «Сәулет» МКК директорының орынбасары, Жамбыл және Қарасай аудандық сәулет және қалақұрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Кербұлақ ауданы, Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі, Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, басшысы болып қызмет атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан – Панфилов ауданының әкімі.


  Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Батыржан Құлаймергенұлы Байжұманов басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімі аппаратының басшысы лауазымынан босатылды.


Көріністер:  841

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 12.09.2019 11:58

Өзгертілген күні: 12.09.2019 12:38:19

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх