Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +20 oC

Облыс әкімі депутаттар алдында есеп берді

Облыс әкімі депутаттар алдында есеп берді

Жуырда облыс әкімі Амандық Баталов облыстық мәслихаттың кезекті XXXV сессиясында депутаттар алдында өткен 8 айдағы жұмыс қорытындылары туралы есеп берді. Сессия соңында депутаттар өңір басшысының қызметіне бірауыздан қанағаттанарлық деп бағалады 

Амандық Баталов облыс дамуының 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуында ілгерілеудің оң үрдісі сақталып отырғанын атап өтті. Облыс басшысы барлық жұмыс Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» басшылыққа ала отырып атқарылып жатқанына тоқталды. Осыған байланысты облыс экономикасына «Индустрия 4.0» элементі мен цифрландыруды енгізуге назар аударылуда.

Ауыл шаруашылығында 310 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2,6 % өсімге қол жеткізілді. Ал өнеркәсіпте 556 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,1 % құрады, бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемі 7,2 % өсіп, 266,2 млрд. теңгені құрады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 1,3 % ұлғайып, 454 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «7-20-25» бағдарламасы бойынша биылғы жылдың соңына дейін 589 пәтерлі 17 үйді іске қосу көзделген, соның ішінде Қарасай ауданында – 3, оның біреуі берілген, Талғар ауданында – 9, Талдықорған қ. – 3, ал Қапшағай қаласында 2 үй беріліп үлгерді. Жалпы биылғы жылы 706,6 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасымен – 76,9 мың шаршы метр, бұл мақсатқа 12,6 млрд. теңге бөлінген. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгеге 47 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Алматы облысы инвесторлармен жақсы жұмыс істеп, қолайлы инвестициялық жағдай туғызып отыр. Мәселен, есепті кезеңде өңірде 285 млрд. теңге инвестиция тартылып, 21,8 мың жұмыс орны құрылған. Облыстың инвестициялық портфелінде әрқайсысының құны 1 млрд. теңгеден асатын 50 жоба бар, оның 30-ы – шетелдік, атап айтқанда 9-ы трансұлттық компанияның, 20-сы отандық компаниялардың қатысуымен жүзеге аспақ. Бұл кәсіпорындардың барлығы жоғары технологиялы өндірісті, әлемдік стандарттарға сәйкес өнімдер шағарады.

Өңір басшысы ауыл шаруашылығындағы жаңа бағыт болып отырған картоп өндірісі мен сүтті мал шаруашылығы жайлы да кеңінен айтып берді. Райымбек және Кеген аудандарында картоптың элиталық сорты 100 га жерге себіліп, арнайы 21 бірлік техника сатып алынған, соның нәтижесінде 2 сервистік-дайындау орталығы құрылған. 2020 жылға қарай картоп алқабы 4,5 мың гектарға жеткізіліп, картоптың жоғарғы сортынан 135 мың тонна тұқымдық материал алынатын болады. Картоптың жалпы жиынын 722 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін жеткізу көзделген, бұл картоп өңдеу бағытында іске қосылатын «Фарм Фритс» зауытын шикізатпен қамтуға мүмкіндік бермек.

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында алдағы 5 жыл ішінде 40,7 мың басқа арналған 418 сүт-тауарлы фермасы салынады, алдағы уақытта сүт өңдеу ісін 38 % ұлғайту жоспарланып отыр, қазіргі кезде бұл көрсеткіш – 28 %. Биылғы жылдың өзінде 3,8 мың басқа арналған 12 СТФ құрылмақ.

Облыс басшылығы балабақшамен қамту, мектептердің, ауруханалардың және басқа да әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын жүргізу, жолдарды жөндеу мен салу мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Облыста республикалық бюджет және заемдық қаржы есебінен «Ұзынағаш - Отар», «Күрті - Бурылбайтал», «Талдықорған - Өскемен» және «Үшарал - Достық» автожолдарын реконструкциялау басталды. Аса іргелі жоба – БАКАД құрылысы да басталды. Жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 30 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі күні Балқаш көліне дейінгі 11 шақырымдық жол мен Қарабұлақ-Қоғалы жолы жаңғыртылуда, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарымен 165 елді мекеннің жолы қамтылды.

Мұнан соң Амандық Баталов мәдениет, спорт, туризм салаларындағы жетістіктер мен жоспарларға да тоқталды, шағын және орта бизнесті қолдау, елді мекендерді газдандыру, құқықтық тәртіптің сақталуы, қылмыспен күрес және басқа да шаралар жайлы баяндады.

Баяндамада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберіндегі жобалардың жүзеге асырылу барысына баса назар аударылды. МЖС бойынша 2018-2019 жылдары барлығы жалпы сомасы 57,3 млрд. теңге болатын 36 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олардың арасында Қарасай ауданындағы 1200 орынды мектеп пен 150 орынды балабақшаның құрылысы, Жамбыл ауданындағы бір ауысымда 250 адам қабылдай алатын емхананың құрылыстарын атап өтуге болады.

Сөзінің соңында облыс әкімі А. Баталов көрсеткен қолдаулары үшін депутаттарға ризашылығын білдірді.

Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған депутаттар жарыссөзге шықты. Сол қатарда облыстық мәслихаттың депутаты Ызғарбек Бектұрсынов, Борис Артемов пен Қанат Қожабеков те бар.

Есепті жиын соңында депутаттар облыс әкімінің есепті кезеңдегі жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.


Көріністер:  121

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 12.09.2018 19:05

Өзгертілген күні: 14.09.2018 19:09:08

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх