Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +34 oC
Облыс әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді

Облыс әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді

Облыс әкімі мәслихат депутаттарының алдында есеп берді

Кеше облыс әкімі Амандық Баталов облыстық мәслихаттың кезекті XLIX сессиясында депутаттар алдында есеп берді. Есепті баяндамада бірінші жартыжылдықтың қорытындылары мен алдағы міндеттер туралы сөз болды.

Облыс әкімінің мәліметінше, есепті кезеңде ет өндіру – 3,5 процентке, сүт - 4,8 процентке, сусындар - 13 процентке, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, фармацевтика, дайын металл бұйымдары-20 процентке өскен.

Жыл басынан бері 223,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 5,5% құрады, соның тең жартысына жуығы – шикізаттық емес секторда. Жалпы көлемнің үлесінде бюджетік емес инвестиция 80%-ке жеткен, ал оның 24 млрд. теңгесі – шетелдік инвестиция.

Экономикаға Трансұлттық компанияларды тарту жұмысы жалғасуда. Республикада олардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан 16 жобаның тоғызы біздің облыста. Олардың екеуі өткен жылы іске қосылса, биыл тағы екі нысан пайдалануға беріледі.

Атап айтқанда, майлау материалдарын шығаратын, қуаттылығы жылына 100 мың тонналық ресейлік «Лукойл» компаниясы (инвестиция – 27,2 млрд.теңге, 200 жұмыс орны) және Біріккен Араб Әмірліктерінің қоспа жем шығаратын, қуаты жылына 60 мың тонналық «Феникс» зауыты (инвестиция – 4,8 млрд. теңге, 87 жұмыс орны).

Облыс басшысы облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамуытудағы тоғыз басымдықты да назардан тыс қалдырған жоқ. Олардың қатарында суармалы егіншілікті дамыту, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, ет-сүт мал шаруашылығын дамыту сияқты маңызды бағыттар бар.

Сонымен қатар облыс әкімі Амандық Баталов Индустриалды инновациялық даму, «Нұрлы жер», «7-20-25», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестік жол картасы», «Еңбек» бағдарламаларының орындалу барысына кеңінен тоқталды.

Сол сияқты шағын және орта бизнестің облыс экономикасына қосып отырған үлесі де аталып өтілді. Бұл сала жалпы өңірлік өнімнің 27,3%-ін құрап отыр. Бүгінде өңірде 123 мың ШОБ субъектісі болса, онда 245 мың адам еңбек етіп жүр. Ал олар шығарған өнім мен көрсетілген қызметтің жылдық көлемі 1,3 трлн. теңгеден асқан.

Амандық Баталов өз баяндамасында жол жөндеу, ауыз сумен, газбен қамту мәселелері жайлы да айтып берді.

Сонымен қатар Жастар жылына қатысты қолға алынған шаралар, «Ауыл – ел бесігі» жобасының орындалуы, халықтың әл-ауқатын көтеру қадамдары, білім мен денсаулық, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шаралары туралы да кеңінен баяндады.

Есепті баяндамадан кейін бірқатар депутаттар талқылауға қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Мұнан соң күн тәртібіндегі мәселелер кезегімен қаралды. Атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, Алматы облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды.


Көріністер:  1413

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.07.2019 18:02

Өзгертілген күні: 18.07.2019 10:07:55

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх