Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Облыс әкімі Президент сайлауында дауыс берді

Облыс әкімі Президент сайлауында дауыс берді

Облыс әкімі Президент сайлауында дауыс берді

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан № 974 сайлау учаскесіне зайыбымен бірге келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Осы жерде журналистермен тілдескен облыс әкімі Амандық Баталов:

- Бүгін – бүкіл қазақстандықтар үшін мереке, Президент сайлауы күні. Елбасының сарабдал саясатының арқасында елімізде, соның ішінде Алматы облысында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылып, барлық мүмкіндіктер жасалып отыр. Жалпы біздің Алматы облысы – халық тығыз орналасқан үлкен облыс. Бізде 2 миллионнан астам тұрғын болса, соның 1 406 204-і - сайлаушылар. Сондықтан облыстағы әрбір сайлаушы өзінің дұрыс таңдауын жасап, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс береді деп сенемін, - деді өз сөзінде.

Атап өтсек, Алматы облысында жалпы саны 1040 сайлау учаскесі бар.


Көріністер:  1650

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 09.06.2019 11:04

Өзгертілген күні: 09.06.2019 11:11:57

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх