Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -15 oC
Облыс әкімі "Жетісу" волейбол командасы ұжымымен кездесті

Облыс әкімі "Жетісу" волейбол командасы ұжымымен кездесті

Облыс әкімі "Жетісу" волейбол командасы ұжымымен кездесті

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов волейболдан қыздардың «Жетісу» кәсіпқой командасымен кездесті. Облыс басшысы команда құрамына алынған жаңа ойыншылармен танысып, волейболшылар ұжымының алдына жаңа міндеттер жүктеді.

- «Жетісу» волейбол клубы өзінің ойын өрнегі қалыптасқан ұжым. Жуырда жаңа маусымдағы жарыста бақ сынайсыздар. Алда Ұлттық лига командалары арасында Қазақстанның 27-ші чемпионаты күтіп тұр. Біз өз тарапымыздан сіздерді жеңіске ынталандыру жолында барлық қолдау шараларын атқарып келеміз. Оқу-жаттығу жиындары өткізіліп, спорттық киім-кешектер мен жабдықтар толықтырылды, жаңа ойыншылармен келісімдер жасалды. Енді сіздерден алда жеңісті ойындар күтеміз - дей келе облыс әкімі команда сапына жаңадан келген ойыншылардың аты-жөндерін атап, танысып шықты. Атап айтқанда «Жетісу» командасын толықтырғандар қатарында қазақстандық волейбол клубтарының, сонымен қатар Түркия, Серб, Украинаның Одесса командаларының құрамында ойнаған Анна Тарасова, Сара Лозо, Олесья Сафронова, Батиста Роблес, Татьяна Яцкив бар.

«Жетісудың» бас жаттықтырушысы Вячеслав Шапран облыс басшылығы тарапынан көрсетілген барлық қолдауларға ризашылығын білдірді. Команданың толық жасақталып болғанын тілге тиек етіп, қазір жаттығуға толыққанды кіріскендерін айтты.

Сонымен қатар облыс әкімі команданың бұрыннан келе жатқан кәнігі ойыншыларын да сөзге тартып, алдағы ойынға дайындықтары туралы пікір алмасты. Команда капитаны Людмила Хабибуллина ұжымның тату екенін және ойын барысында да бірлескен үздік өнер көрсетуге барын салатындарын айтты.

Сөзінің соңында облыс әкімі А. Баталов сыртта өтетін халықаралық жарыстарға қатысып, шеберліктерін шыңдап отыруды да ойластыру керектігін, мұндай шараларды облыс басшылығы қашанда қуаттайтынын айтты.

- Жалпы 2018 жылы «Жетісу» командасына 526,8 млн. теңге бөлінді. Біз облыста тек волейболға ғана емес, жалпы спортқа ерекше көңіл бөліп, қолдап отырамыз. «Жетісу» футбол командасы да осындай қамқорлықтың және жұмысты дұрыс ұйымдастыра білудің арқасында қазір жақсы көрсеткіштерге жетіп жүр. «Жетісу» волейбол командасы да бірнеше жыл қатарынан ел чемпионы болды. Арадағы сәл ғана үзілістен кейін бұрынғы позицияны қайтарып алатын кез келді. Алдағы жарыста үздік ойын үлгісін көрсетеді деп сіздерге сенемін, - деді А. Баталов кездесу соңында.

 


Көріністер:  799

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 18.10.2018 18:38

Өзгертілген күні: 19.10.2018 09:08:30

Тізімге қайта оралу



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх