Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Алматы облысының әкiмi Амандық Баталовтың халыққа есеп беруінің қорытынды кездесуi 20 ақпанда Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы драма театрында өтедi. Басталуы сағат 10:00-де.

Облыс әкiмiнің есеп беру кездесуінің тiкелей көрсетiлiмiн Алматы облысы әкімдігінің www.zhetysu.gov.kz ресми интернет-ресурсы арқылы көруге болады.

Есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау ресми интернет-ресурстың осы тарауында жүзеге асырылады.

Ұсыныстар мен ескертулер жинауға арналған жәшік облыс әкімдігінің ғимаратында (Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38) орналасқан.

Облыс әкіміне «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды

Облыс әкіміне «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылу барысы баяндалды 04.02.2019 17:55

Бүгін апталық аппарат жиынында облыс әкімі аппаратының басшысы Батыржан Байжұманов облыс әкімі Амандық Баталовқа «Жетісу – адалдық алаңы» жобасының өңірде жүзеге асырылу барысы туралы баяндап берді. Бұған дейін бұл жобаның базасында облыстық әкімдікте жобалық кеңесесі ашылған болатын.

Б. Байжұмановтың айтуынша, қазіргі кезде жобалық кеңсенің жұмыс жоспары бекітіліп, оның кадрлық құрамы, жетекшісі мен бірлескен жетекшілері айқындалған. Биылғы жылдың алғашқы айында жобалық кеңсе жұмыс тобының 12 отырысын өткізген, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев азаматтар үшін қабылдау жасаған.

Кеңейтілген кеңес өткізіліп, онда білім саласы мен мемлекеттік кіріс органдарында қызмет көрсетуді автоматтандыру бойынша жобаларды іске қосу мүмкіндіктері талқыланғаны да атап өтілді. Соның нәтижесінде 2 жоба таныстырылды.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бастамашы болған бірінші жоба – «Мемлекеттік қызметті жедел көрсету – дөңгелекті кеңсе» жобасында салық міндеттемелері бойынша есеп қабылдау үшін елді мекендерге шығатын арнайы безендірілген көлікті жабдықтау ойластырылған. Қазіргі кезде бұл мәселе ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, толықтырылуда.

Екінші жоба - «BilimMediaGroup» компаниясының ұсынып отырған кешенді ІТ-шешімдері білім саласындағы қызметтерді автоматтандыру арқылы сыбайлас жемқорлық қауіптерін төмендетуге бағытталған. Бұл ретте, атап айтқанда, кадрлар іріктеуде жекелеген технологиялық шешімдерге қатысты ұсыныстар қаралды.

Сөйтіп, «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.


Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg