Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC
Облыста 1 және 16 желтоқсан қарсаңында ашылатын 36 нысанда 400-ге жуық жұмыс орны құрылады

Облыста 1 және 16 желтоқсан қарсаңында ашылатын 36 нысанда 400-ге жуық жұмыс орны құрылады

Облыста 1 және 16 желтоқсан қарсаңында ашылатын 36 нысанда 400-ге жуық жұмыс орны құрылады

Биылғы жылдың желтоқсан айында Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы облысында жалпы саны 36 жаңа нысан ашу жоспарланған, соның нәтижесінде 400-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылады. Аталған 36 нысанның 12-сі 1 желтоқсанға, ал басқасы 16 желтоқсанға қарай есігін айқара ашпақ. Олардың қатарында медицина, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп салаларының нысандары мен тұрғын үйлер бар.

1 желтоқсан қарсаңында Кербұлақ ауданында жалгерлік тұрғын үйлер, Жамбыл ауданы Тарғап ауылында, Ұйғыр ауданының Қалжат ауылында дәрігерлік амбулаториялар, Іле ауданында 3 бірдей балабақша іске қосылып, ел иігілігіне ұсынылмақ.

Мереке қарсаңында Қарасай ауданы Көкөзек ауылында орналасқан сэндвич-панельдер мен пішінді төсеніштер шығаратын «Болашақ Қаз-Металл» зауыты өз жұмысын бастауға дайын. Нысанның жобалық құны – 110 млн. теңге.

Сондай-ақ Көксу ауданында «Сұлтан» шаруа қожалығының 200 басқа арналған мал бордақылау алаңы, «Нұрлан» шаруа қожалығының базасында ашылатын 200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы, Сарқан қаласындағы «Жолбосынов» ЖК-ның 150 басқа лайықталған мал бордақылау алаңы аграрлық саладағы міндеттердің облыста табысты орындалуына үлес қоспақ. Ұйғыр ауданы Дардамты ауылында «Eko product Plus» ЖШС 1 гектар жерге қуаты жылына 100 тонналық жылыжай кешенін қолға алуда. Қаратал ауданы Айтуби ауылында «АгроИнвестҚаратал» ЖШС-ның 340 басқа арналған шошқа ұстау кешені де осы жаңа жобалар қатарында.

Сөйтіп, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін облыс тұрғындары жаңа нысандар ашу қуанышымен қарсы алмақ.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

 


Көріністер:  428

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 27.11.2019 15:27

Өзгертілген күні: 27.11.2019 17:28:35

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх