Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +34 oC
Облыста 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

Облыста 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

Облыста 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

Халқының 80%-і ауылдық жерлерде тұратын Алматы облысының экономикасы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына тікелей байланысты. Өңірдегі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі биылғы жылы 3,3% өсіммен 750 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр. Ал Жетісудағы ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция негізгі капиталға тартылған инвестицияның 8,5 %-ін құрап отыр. «Бұл республикадағы 3,2%-тік көрсеткіштен жоғары болғанымен, аграрлық аймақ ретінде бұдан да ауқымды жұмыстар атқаруға тиіспіз», - деді облыс әкімі Амандық Баталов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланған облыс активі жиынында.

Алматы облысында Трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асқан ірі жобалар бар. Мәселен 2018 жылы полуфабрикаттар өндіретін «Маревен Фуд» зауыты іске қосылған болатын. Алда картоп өңдейтін «Фарм Фритс» және ұсақ мал етін тереңнен өңдейтін «Бауманн» жобаларын іске асыру міндеті тұр.

Облыс басшысының айтуынша, биылғы жылы аймақта ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерінің экспорты 3%-ке өсіп, 82,5 млн. АҚШ долларын құрайтын болады, 4 мың тонна ет экспорттау, соның ішінде 2 мың тонна ірі қара етін экспортқа шығару жоспарланған.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу, жер кадастрі жүйесін цифрландыру туралы тапсырма берген еді. Осыған байланысты айтсақ, облыста түгендеу жұмыстары 2015 жылдан басталып, барлығы 496 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерлер анықталды. Соның 363 мың гектары пайдалануға беріліп, 120,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Цифрландыру ісі қолға алынып, оған 500 млн. теңге бөлініп отыр.

- Өңірде жасалып жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу және цифрландыру ісін сапалы және өз уақытында аяқтауымыз керек. Сол сияқты су ресурстарына, сумен қамту инфрақұрылымдарына, ирригациялық жүйелерге түгендеу жасау оларды жөндеуге, қайта жаңғыртуға, құрылысын жүргізуге, суармалы жерлерді айналымға енгізуге нақты жоспарлар жасап, іске кірісуге мүмкіндік береді. Бізде бұл жұмыстар жүріп жатыр, құжаттандыруды аяқтадық. Қазіргі кезде Ескелді, Алакөл, Ақсу, Көксу аудандарында Ислам Даму Банкінің қаржысы есебінен қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз, соның 40 мыңы биылғы жылдың үлесінде болуы тиіс. Жер – өндірістің ең басты факторы. Бұл мәселеде тиімді жұмыс істемей ауылды дамыта алмаймыз, - деді А. Баталов.


Көріністер:  1363

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:
«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты www.zhetysu.gov.kz.

Орналастырылған күні: 17.07.2019 13:16

Өзгертілген күні: 17.07.2019 13:23:38

Тізімге қайта оралу


Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх